«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



бет29/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.4.1.5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
5.4.1.5.1. ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулық – өндірістік үй-жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және осы жұмыстар жүргізілетін немесе қызметтік міндеттер орындалатын ұйымның өзге де орындарында жұмыстарды орындау кезінде ЕҚжЕҚ саласындағы заңнамалық талаптардың қолданылуын нақтылайтын жұмыс берушінің актісі.
5.4.1.5.2. Негізінде құрылымдық бөлімшелер басшылығының жұмыс орындарын техникалық жарақтандыру және оларда қауіпсіз жұмыс жағдайын жасау жөніндегі қызметін белгілейтін ЕҚжЕҚ қағидаларына қарағанда, ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтар қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді қауіпсіз орындау тәртібін, шарттары мен тәсілдерін (әдістерін) белгілейді. Олардың жұмыс орнында, құрылымдық бөлімшенің аумағында жүріп-тұру қағидаларын, сондай-ақ жабдықтарға, машиналарға, тетіктерге қауіпсіз қызмет көрсету, тетіктермен, құрал-саймандармен жұмыс істеу және ЖҚҚ пайдалану қағидаларын белгілейді.
5.4.1.5.3. ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулық – қауіпсіз жұмыс әдістері мен тәсілдерін меңгерген кезде қызметкерге арналған практикалық құрал. Қызметкер өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде оны басшылыққа алуы тиіс.
5.4.1.5.4. ҚМГ компаниялар тобының ұйымының мүдделі құрылымдық бөлімшелері басшыларының мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі немесе ЕҚжЕҚ бойынша жауапты тұлға жасайтын тізбеге сәйкес, учаскеде, цехта, қызметте, зертханада және тұтастай алғанда, ұйымда әрбір кәсіп үшін, сондай-ақ жекелеген жұмыс түрлері мен жұмыс орындарына арналған ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықты ҚМГ компаниялар тобының ұйымы немесе құрылымдық бөлімше әзірлейді.
Сондай-ақ ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуді ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының бірінші басшысының өтінімі бойынша шарт негізінде ЕҚжЕҚ саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары жүзеге асыра алады.
5.4.1.5.5. ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасының ЕҚжЕҚ жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің, жабдықты дайындаушы зауыттардың пайдалану және жөндеу құжаттамасында, сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобы ұйымының технологиялық құжаттамасында және өндіріс шарттарында жазылған қауіпсіздік талаптары ескеріліп, ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларының негізінде әзірленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет