«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»



бет41/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.6.1.2. Бақылаудың бірінші деңгейі
5.6.1.2.1. Объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы күн сайын, жұмыстың (ауысымның, вахтаның) басында, қызметкерлердің өкілімен бірлесіп (ол болмаған кезде – өз бетінше) және одан әрі жұмыс процесінде жұмыс орындарындағы ЕҚжЕҚ-ның жай-күйін тексереді (мониторингті жүзеге асырады) және анықталған тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдайды. Тексеру кезінде ол әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алуы керек.
5.6.1.2.2. Өндірістік объектілердің (ұңғымалардың, коммуникациялардың және т.с.с.) аумақтық шашыраңқылығы жағдайында тікелей басшы бақылаудың бірінші деңгейін апта ішінде жұмыстар жүргізілетін немесе жақын арада жүргізілетін барлық объектілерді, жұмыс орындарын тексеруге болатындай етіп ұйымдастырады.
5.6.1.2.3. Өндірістік бірліктердің басшылары жұмыс объектісіне (бұрғылау, ұңғыма, станция, бейін және т.б.) шығу алдында немесе объектіде жұмыс басталар алдында қызметкерлердің өкілімен бірлесіп жұмыс орындарының жай-күйін тексереді және анықталған тәуекелдерді, оқиғаларға алғышарттар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдайды.
5.6.1.2.4. Тексеру кезінде анықталған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, әлеуетті-қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер дереу жойылуы тиіс, бригада, ауысым, вахта күшімен жойылмайтын немесе жойылуы жұмыстардың тікелей басшысының құзыретіне кірмейтін қалған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, әлеуетті-қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер, кейіннен тиісті шаралар қабылдау үшін, еңбек осы Стандартқа нысан (KMG-F-3672.1-13/ST-3669.1-13) бойынша жағдайларының жай-күйін тексеру журналына жазылады.
Жұмыстардың тікелей басшысы осы тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, әлеуетті-қауіпті оқиғалар және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты тоқтата тұруға дейінгі қажетті шараларды қабылдау үшін өндірістік бірліктің басшылығына сәйкессіздіктер туралы баяндайды.
5.6.1.2.5. Жұмыстың тікелей басшысымен қатар жедел бақылаудың бірінші деңгейін дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін өндірістік бірліктің күшімен жоюға болмайтын анықталған тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), әлеуетті-қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктерді жоюды қамтамасыз ететін өндірістік бірліктің басшысы да жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет