«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Өндірістік бірліктің басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлеріне арналған ұсынымдар



бет48/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#182066
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.6.5. Өндірістік бірліктің басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлеріне арналған ұсынымдар
5.6.5.1. Құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігінің басшысы, оның орынбасарлары мен өндірістік бірліктің басқа да инженерлік-техникалық қызметкерлері объектілерде, бригадаларда, учаскелерде:
1) объектідегі жұмыстардың тікелей басшыларының ЕҚжЕҚ жай-күйін бақылауды және талдауды жүргізу бойынша жұмысын (тексеру тұрақтылығы мен сапасы, олардың тиімділігі);
2) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша құжаттаманың (ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеру, нұсқама беруді тіркеу журналдарының, жабдыққа арналған паспорттардың және басқалардың) болуын және дұрыс жүргізілуін;
3) құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігі басшысының өкімдерінің, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе Құрылымдық бөлімше басшылығының бұйрықтары мен нұсқаулықтарының орындалуын;
4) ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша іс-шаралардың, қызметкер өкілдерінің ЕҚжЕҚ бойынша ұсыныстарының уақытылы және толық орындалуын;
5) объектідегі жұмыстардың тікелей басшыларының қызметкерлерге нұсқамалықтың уақытылы және сапалы жүргізілуін, нұсқамалықтардың дұрыс және сапалы ресімделуін, қызметкерлерде білім және жұмысқа жіберуді тексеру туралы куәліктердің болуын, олардың толық ресімделуін, білім тексерудің уақытылы жүргізілуін, медициналық қарап-тексеруден өтуін, аудару туралы жазбаларды;
6) жұмыс орындарының дұрыс және қауіпсіз ұйымдастырылуын (жұмыс аймағы мен жұмыс орындарының қауіпсіз жай-күйін, өтпелер мен өтетін жолдардың жай-күйін);
7) бөлшектердің, құралдардың, материалдардың дұрыс қоймаланып, сақталуын;
8) жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының тетіктерінің, құрылғылар мен құралдардың техникалық жай-күйін және дұрыстығын, олардың қауіпсіздік қағидалары мен орындалатын жұмыстың талаптарына сәйкес келуін;
9) жабдықтың, ілмекті және реттеу арматурасы мен коммуникациялардың герметикалығын, ауа вентиляциясы мен тазартуға арналған қондырғылардың жұмысын, олардың жай-күйін;
10) жерге тұйықтау құрылғыларының болуын және дұрыстығын және олардың статикалық электрден қорғалуын;
11) сыйымдылықтардың, баллондардың, рессиверлердің, газгольдерлер мен басқа аппараттардың және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың жай-күйін;
12) қоршау, сақтандыру және герметикалық, құрылғылардың, автоматты бақылау және дабылнама құрылғыларының, қашықтықтан басқару және басқа да қорғау құралдарының болуын және дұрыстығын;
13) жұмыс орындарының жай-күйі мен жарықтандыру жүйелерінің дұрыстығын;
14) жұмысшылардың арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ-мен (каскалармен, газтұтқыштармен, респираторлармен, қорғау көзілдіріктерімен, маскалармен және қалқаншалармен, сақтандырғыш белбеулермен және басқаларымен) жабдықталуын, олардың жай-күйін, дұрыс пайдаланылуын;
15) жұмыс орындарының санитариялық жай-күйін, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың ұсталуын, жұмыс орындарының жуғыштармен жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, душ бөлмелеріндегі жуу керек-жарақтарын, дәрі қобдишасының болуын және жинақталуын;
16) нұсқаулықтардың, плакаттардың, ескерту жазбаларының, қауіпсіздік белгілерінің, іске қосу құрылғыларының белгілері мен таңбаларының, басқару символдарының болуын және жай-күйін;
17) жұмыстардың дұрыс және қауіпсіз ұйымдастырылуын, технологиялық процестердің дұрыс жүргізілуін, қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс әдістері мен тәсілдерін, технологиялық режимдерді, нұсқаулықтарды сақтауын;
18) жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстардың дайындалуын және жүргізілуін, осы жұмыстарға арналған құжаттаманың (нарядтардың, рұқсаттардың, жобалардың, жоспарлардың және т.б.) болуын және дұрыс ресімделуін;
19) жұмыстар басшыларының (объектідегі тікелей басшылардың, бригадалардың, шеберлердің, механиктердің және басқалардың) ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарда көзделген қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындауын тексереді.
5.6.5.2. Бақылаудың екінші деңгейіндегі тексеру қорытындылары бөлімшелерде ЕҚжЕҚ жай-күйінің деңгейін бағалау үшін шығыс материал болып табылады және өндірістік бірліктің басшысы өткізетін жедел кеңестерде немесе қызметкерлердің жиналыстарында қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет