Байланысты: Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
5.3.1.2. Тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар 5.3.1.2.1. Тәуекелдерді бағалау үздіксіз және жүйелі процесс болып табылады және бұрын анықталған қауіптерді ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жұмыс уақытында туындаған қауіптерді анықтау тәуекелдерді/кауіпті және зиянды өндірістік факторларды бағалау үшін негіз болып табылады. Егер бұл қауіптерді толық жою мүмкін болмаса, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін олардың тәуекелін/қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторын бағалау керек. Бағалау негізінде қауіпсіздікті арттыру бойынша негізделген шешімдер қабылдауға болады. Жүргізілген тәуекелдерді бағалауды негізге ала отырып, басымдықтарды (дереу орындалатын, орта мерзімді перспективада және ұзақ мерзімді перспективада орындалатын) белгілеу қажет.
5.3.1.2.2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды бағалау және басқару рәсімдерін қолдану «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы жөніндегі корпоративтік стандарттың (KMG-ST-3485.1-13) денсаулық үшін тәуекелдерді бағалау матрицасына сәйкес жүргізіледі, бұл олардың жұмыс орындарындағы қызметкерлерге ықпалын барынша азайтуға және өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.