Байланысты: Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
5.5.1.2. Объектілерді салуды және пайдалануға қабылдауды қадағалау 5.5.1.2.1. Құрылысы аяқталған жаңа немесе қайта жаңартылатын объектілерді салу және пайдалануға қабылдау процесінде қадағалау, егер оларда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайлары қамтамасыз етілмесе, бірде-бір кәсіпорын, цех, объект және учаске қабылданбайтыны және пайдалануға берілмейтіні көзделген қолданыстағы заңнамалық талаптарға сәйкес осы объектілердің жобалық құжаттамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
5.5.1.2.2. Объектілерді салу процесінде ЕҚжЕҚ талаптарының орындалуын қадағалау заңнамалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тікелей қадағалауды объектілер құрылысын қадағалау жөніндегі инженер (топ) жүзеге асырды.