Байланысты: Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
5.2.3.8. Қызметкер (жұмысшы персонал) жұмыс түрлері мен кәсібі бойынша нұсқаулықтардың талаптарын орындалуы үшін жауап береді, оның ішінде: 1) міндетті алдын ала (жұмысқа орналасу кезінде) және мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексеруден (зерттеп-қараудан) өтеді;
2) жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытудан, жұмыс орнында тағылымдамадан өтуден және жұмыс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білім тексеруден өтеді;
3) бақылау және мониторинг жүргізуді жүзеге асырды, ауысым (жұмыс күні) басталар алдында өзінің жұмыс орнына тексеру жүргізеді;
4) жабдықтардың, айлабұйымдардың, құрал-саймандар мен аспаптардың ақаусыздығын бақылайды;
5) қоршаулардың, сақтандыру айлабұйымдарының, бұғаттау және сигнал беру құрылғыларының, жеке және топтық қорғау құралдарының болуын және жарамдылығын, өту жолдарының, өткелдердің, алаңдардың, баспалдақ құрылғыларының, сүйеніштердің жай-күйін, сондай-ақ олардың қоқыстанбауы мен үймеленбеуін тексереді;
6) анықталған кемшіліктер туралы шеберге (бригадирге) баяндайды және оның нұсқауы бойынша оларды жоюға қатысады;
7) жұмыс процесінде қызметкер:
- ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;
- өз жұмыс орнын тазалықта ұстау, ЖҚҚ, ЕҚжЕҚ қамтамасыз ететін ұжымдық қорғау құралдарын, құрылғыларды, бақылау және қауіпсіздік аспаптарын дұрыс және тек мақсаты бойынша пайдалану;
- еңбектің қауіпсіз тәсілдерін пайдалану, бұл ретте барлық талаптар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау;
- басқа қызметкерлердің мінез-құлқына, олардың жеке қауіпсіздік шараларын орындауына назар аудару, оларға қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдану, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, өндірістік санитария талаптарын орындау қажеттілігі туралы еске салады;
- жабдықтың, құрал-сайманның, құрылғылардың барлық ақаулықтары, қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, авариялық жағдайлар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен аурулар (уланулар) туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды;
8) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті және авариялық жағдай туындаған жағдайда өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына дереу хабарлайды;
9) аварияларды жою жоспары бойынша, туындаған авариялық ахуалдың дамуын шектеу және оны жою бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
10) жазатайым оқиға кезінде зардап шегушіні жарақаттайтын факторлардан босатады, оған алғашқы көмек көрсетеді және жедел медициналық көмек шақырады, өзінің тікелей басшысына немесе диспетчеріне хабарлайды;
11) өрт туындаған жағдайда кез келген байланыс құралдарының көмегімен немесе айналасындағы адамдар арқылы өрт күзетіне, объект басшысына хабарлайды және мүмкіндігіне қарай, өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру жөнінде шаралар қабылдайды.