Байланысты: Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
5.7.3.2. Моральдық және материалдық ынталандыру нысандары мен шарттары 5.7.3.2.1. Моральдық ынталандыруға: алғыс білдіру, ең үздік кәсіп иесі атағын беру және басқалары жатады.
5.7.3.2.2. Материалдық ынталандыруға: қызметкерлерге сыйақы беру, құнды сыйлықтармен марапаттау, демалыс үйлеріне, санаторийлерге тегін жолдамалар беру және т.б. жатады.
5.7.3.2.3. Ынталандырудың әртүрлі нысандарын қолдану қызметкерлер мен жекелеген ұжымдардың еңбек қызметінің нәтижелерін біртұтас бағалауды және материалдық ынталандырудың моральдық мәні бар екенінен негізделетін осы ынталандыру нысандарының өзара байланысын ұсынады, бұл ретте, моральдық ынталандыру материалдық ынталандырумен байланысты болуы тиіс.
5.7.3.2.4. Ынталандыру шарттары барлық ұжымның шығармашылық бастамашылығын дамытуды ынталандыруы тиіс, оны өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулардың алдын алу, күнделікті, жүйелі профилактикалық жұмыстың негізінде ЕҚжЕҚ одан әрі жақсарту бойынша негізгі міндеттерді шешуге бағыттауы тиіс.
5.7.3.2.5. ЕҚжЕҚ бойынша жоғары және үдемелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бригадалардың, учаскелердің, өндірістік бірліктердің, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне (учаскелердің басшыларына, олардың орынбасарларына, механиктерге, энергетика жөніндегі мамандарға, технологтарға, объектідегі жұмыстардың тікелей басшыларына және басқаларына), сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының басшылары мен қызметкерлеріне сыйақы берілуі тиіс.
5.7.3.2.6. Бригадалардың, учаскелердің, өндірістік бірліктердің, ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының және Құрылымдық бөлімшелердің ұжымдарына сыйақы беру үшін ЕҚжЕҚ бойынша келесі негізгі көрсеткіштер белгіленеді:
1) жазатайым жағдайлардың болмауы (бригадалар үшін);
2) өткен жылдың тиісті кезеңімен (немесе алдыңғы кезеңмен) салыстырғанда, өндірістік жарақаттылықтың деңгейін төмендету. Сыйақы беру үшін, есепті кезеңдегі жарақаттылық көрсеткіштері алдыңғы кезеңнің көрсеткіштерінен жоғары болуы тиіс (өндірістік бірліктер, учаскелер үшін);
3) ұйғарымдардың, қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының сәйкессіздіктерін анықтау және уақытылы жою;
4) апаттардың, жарылыстардың, жанудың, өрттің болмауы;
5) қызметкерлерге нұсқамалар беру, олардың білімін тексеру мерзімдерін және апаттарды жою жоспарына сәйкес апатқа қарсы жаттығулар кестесін сақтау;
6) кешенді жоспарда, ұжымдық шартта, жазатайым жағдайларды тергеу актілерінде, сондай-ақ тексеру комиссиялары мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының ұсынымдарында және/немесе ұйғарымдарында көзделген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды уақытылы және сапалы орындау.
5.7.3.2.7. Қызметкерлерге, жекелеген бригадаларға, учаскелерге, өндірістік бірліктерге сыйақы беру ҚМГ компаниялар тобы ұйымы мен Құрылымдық бөлімше басшысының шешімімен жүргізіледі. Сыйақы беру үшін көрсеткіштерді объективті қарап, сыйлықақыларды ЕҚжЕҚ жақсартуда қол жеткізілген табыстар үшін төлеген жөн.
5.7.3.2.8. Қаралып отырған кезеңде оқиғалар (апаттар, жарылыстар) және жазатайым жағдайлар болған өндірістік бірлікке, учаскеге, бригадаға сыйлықақы беруге арналған материалдар қаралмайды.
5.7.3.2.9. Олар үшін белгіленген ЕҚжЕҚ бойынша көрсеткіштер орындалған жағдайда, басқа өндірістік бірліктерге, учаскелер мен бригадаларға, ҚМГ компаниялар тобы ұйымы мен Құрылымдық бөлімшенің жалпы көрсеткіштеріне қарамастан, сыйақы беріледі.
5.7.3.2.10. Сыйақы беруге арналған материалдарды:
1) объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы дайындап, құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігінің басшысына береді;
2) құрылымдық бөлімшелердің өндірістік бірлігінің басшысы дайындап, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді. Берілетін материалдарды ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің қызметкерлері алдын ала қарайды.
5.7.3.2.11. Қызметкерлерді және жекелеген ұжымдарды ЕҚжЕҚ жақсарту, өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс үшін материалдық ынталандыру шарттары, көрсеткіштері және тәртібі ҚМГ компаниялар тобының әрбір ұйымында және оның Құрылымдық бөлімшесінде қызметкерлерге техникалық-экономикалық көрсеткіштерді орындағаны үшін сыйлықақы беру туралы жалпы ережелермен, сондай-ақ қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының және оның Құрылымдық бөлімшесінің басшысы әзірлейтін және бекітетін ішкі ережелерде көзделуі тиіс.
5.7.3.2.12. Моральдық және материалдық ынталандыру мақсатында, ҚМГ компаниялар тобының ұйымы өзінің құрылымдық бөлімшелері арасында ЕҚжЕҚ бойынша байқау-конкурстарды оларды өткізу туралы ішкі ережелерге сәйкес өткізуге міндетті.