«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ



Дата18.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#132436
Байланысты:
КМГ

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ

МҚ – 31

Әбіләзімова Аружан

Бексултанова Индира

Жамантаев Әуенәлі

Кабиев Айдын


«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанның тікелей интеграцияланған жетекші мұнай – газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласындағы мемлекет мүддесін қорғайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері
«Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (90,42%)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (9,58%)
Ұлттық компания еліміздің мұнай мен газ конденсатын өндірудің 25%-ын, сондай-ақ табиғи және ілеспе газ өндірудің 15%-ын қамтамасыз етеді.
Компанияның магистралды құбырлары арқылы Қазақстан мұнайының 56%-ы және газының 77%-ы тасымалданады.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемінің үлесі 81%-ды құрайды.
2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 21 752 мың тонна мұнай және 8 191 млн м3 ілеспе және табиғи газ өндірді.
Мұнай тасымалдау көлемі 73 171 мың тоннаны, ал газ тасымалдау 86 590 млн м3 құрады.
Мұнай өңдеу зауыттарында 18 077 мың тонна мұнай өнделді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 60 мыңнан астам адам еңбек ететін ірі жұмыс берушілердің қатарына жатады.
БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
Географиялық орналасу бірегейлігі
Құнды құру тізбегінің барлық кезеңдеріндегі толық интеграция
Қаржылық орнықтылық
Өндіруші активтердің әртараптандырылған қоржыны
Қазақстанның мұнай мен газ тасымалдау секторындағы лидерлік орын
Заманауи мұнай өңдеу зауыттары
Заманауи корпоративтік басқару жүйесі мен орнықты даму қағидаттарын ұстану

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет