«Азотты органикалық қосылыстар. Нәруыздар. Нуклейн қышқылдары» тарауларына бақылау жұмысы №4.
ІІ нұсқа 1. Төменде атаулары келтірілген қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:
а) триметиламин;
ә) дифениламин;
б) метилэтиламин;
в) 2-аминобутан;
г) дипропиламин;
2. Құрамында 2% қоспасы бар 190 г бромсірке қышқылы аммиакпен әрекеттескенде 75,3 г аминсірке қышқылы түзілді. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымын есептеңдер.
3. Нәруыздар мен нуклейн қышқылдарының қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?