Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Банк операцияларын жүргізуге лицензиялар қандай мерзімге беріледі



бет13/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Банк операцияларын жүргізуге лицензиялар қандай мерзімге беріледі:

а) бір жылға

ә) үш жылға

б) шектелмеген мерзімге

в) он жылға

г) шарт бойынша арнайы мерзімге.

2 - ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР


Елдің несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп көрсету, негізгі операциялардың сипатын ашу – тараудың басты мақсаты болып саналады. Алдыға қойылған міндеттер: коммерциялық банктің ба­лан­сына қысқаша сипаттама беру, пассив және актив операциялардың мазмұнын ашу.

Әдебиеттер: Ә-6; Ә-8; Ә-9; Ә-10; Ә-29; Ә-30.

2.1. Коммерциялық банктер – банк жүйесі мен

олардың қызметінің негізгі буыны
Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және ба­ғыт­тары бойынша теңдей емес, дегенмен барлық банктер­дің балансының және оның құрылымының болуы; негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.

Коммерциялық банктер сондай-ақ несие беру жүйе­сі­нің негізгі буыны ретінде сипатталады. Бұл банктердің не­гіз­гі несие орталығы ретінде несие берудің мол мүмкін­діктерін ашатындығын білдіреді. Банк жүйесінде несиені орталық банк, екінші деңгейдегі банктер, арнаулы несие институттары береді. Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер – бұл активті іскерлік банктер бо­лып саналады және олар барлық елдердің банк жүйе­сінде айрықша орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып, шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге, жекелеген тұлғаларға несиелер береді, тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына көмегін тигізеді.

Нарық бәсекесі жағдайында әрбір банк өзінің басым­дық­тарын айқындайды, өзіне несие жүйесінің негізгі буы­ны ретінде бекітеді.

Елдің банк жүйесіндегі несие беру қызметін мынадай банктер орындайды:



  • Орталық банк – екінші деңгейдегі банктерге мемлекетке несие беруі кезінде,;

  • Коммерциялық банктер – меншікті коммер­ция­лық мүдделердің дамуымен қаржы алу­шы­лар­дың қажеттіліктерінің барлық түрлеріне эконо­ми­ка салаларына несиелер беру кезінде.

Коммерциялық банктер клиенттер үшін бүкіл опера­ция­лық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап «буыны» ретінде қатысады. «Коммер­ци­я­лық банк» түсінігін кең түрде түсіндіре отырып, оларды мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады (1 кесте):

Жалпыға белгілідей, коммерциялық банктер өздерінің дәстүрлі базалық қызметтері негізінде жұртшылық ар­қы­лы қабылданады, олар клиенттерге сан алуан қаржылық қыз­меттер көрсетеді, трасталық операциялар жасайды, клиент­тер үшін бағалы қағаздар сатып алады, қозғал­май­тын мүлік пен кепілдік міндеттемелерді басқарады.

Коммерциялық банктердің қызметтерін дәстүрлі және дәстүрлі емеске, базалық (қатардағы) және жаңа (на­рық­тық) қызметтерге бөлуге болады. Коммерциялық банк­тер­дің қызметін жалпылай топтастырғанда былай болып шы­ға­ды:


  • бос ақша капиталдарын жұмылдыру мен шоғыр­лан­дыру, қор жинау мен сақтықтар (салымдық жә­не депозиттік операциялар);

  • экономикаға және тұрғын халыққа (активті опе­ра­циялар) несиелер беру;

  • төлемдер жасау мен ақша аударымдарын (делдал­дық операциялар) ұйымдастыру;

Коммерциялық банктің сипаттамасы




1 кесте


  • инвестициялық қызмет (бағалы қағаздар салымы жә­не жобалар);

  • сыртқы сауданы қаржыландыру;

  • сейфтерде құндылықтарды сақтау;

  • клиенттерге өзге қаржылық қызметтер көрсету.

Жинақтарды жұмылдыру мен шоғырландыру қызметі жеке адамдардың ұсақ шашыранды ақша қаражаттарын жинақтай отырып, ақша ресурстарының ортақ қорын құру арқылы оларды экономиканың неғұрлым тиімді сала­ла­рына бағыттауға болатындығын растайды. Өз ақшала­рының жоғары өтімді (ликвидті) формада сақталуына және пайыздық үлес алуға деген салымшылардың қызы­ғу­шылығы банктер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс және ол үшін соңғы жауапкершілікті өзіне алады.

Несие берудегі делдалдық, банк үшін ең айқындаушы қызмет болып саналады, өйткені уақытша бос ақша қара­жат­­тарын шаруашылық жүргізуші субъектілерге саудаға беру жолымен қайыра бөле отырып, одан ол пайда табады. Банк­тің осы қызметі «несие категориясын» көрсетуге үл­кен әсерін тигізеді. Мұндай кезде несие қаржыны тиімді пайдалануға несиеберуші мен қарыз алушы бірдей мүдде­лі­лік танытады. Коммерциялық банк үшін несие төлеуге қабілетті қарыз алушыларға ссудалар беру көп кіріс келтіретін операциялар болып саналады.

Есеп-шоттардан төлемдер жасау мен есеп айырысулар кезіндегі делдалдық қызмет клиенттердің тапсырмасы бойынша банктің ақша аударымдарын жасауы кезінде, елде шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы жағда­й­ын­да есеп-шоттар арқылы төлемдер жасаған кездерінде кө­рі­неді. Коммерциялық банктер төлем тетіктерін қамт­а­ма­сыз ете отырып, есеп айырысу қағидаларын көздейді, есеп айырысу – төлем операцияларын жүргізу кезінде нарықтық қызметтерді дамыту, ақша айналымы саласындағы тәуе­кел­дерді азайтуға мүдделілік танытады.

Халықаралық экономикалық қатынастарды, халықа­ра­лық тауарлар нарығын дамыту жағдайында сыртқы сауданы қаржыландыру коммерциялық банктердің қызметі ретінде бөліп көрсетіледі. Экспорттаушылармен есеп ай­ы­рысу үшін қажетті валюталардың еркін айналушылығы, им­порттаушылардың сыртқы сауда операциялары бойын­ша аккредитив қоюы, есеп айырысуларды қамтамасыз ету, импорттаушыларға сақтандыру қызметтерін көрсетуші банктердің өзіне міндеттемелер қабылдауын талап етеді.



Банктердің бағалы қағаздармен операциялар жасау кезіндегі делдалдық қызметі қосымша кірістер алу, өзінің өтімдігін (ликвидтілігін) ұстап тұру мақсатындағы бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі операцияларды жүзеге асыру жағдайында көрінеді. Банк бағалы қағаздарды сатып ала отырып, оларды мемлекеттік билік органдары алдындағы салымдар бойынша міндеттемелерді қам­та­ма­сыз ету түрінде пайдаланады. Банктердің сатып алатын ба­ғалы қағаздарының мынадай түрлері болады:

  • мемлекеттік бағалы қағаздар (қысқа мерзімді және ұзақ мер­зімді);

  • корпорациялардың облигациялары;

  • әртүрлі компаниялардың акциялары;

  • банктік акцептер;

  • нарықта айналым жасап жүрген коммерциялық век­сел­д­ер;

  • тауар-несие корпорацияларының сертификаттары.

Құндылықтарды сейфтерде сақтау коммерциялық банк­тердің тарихи маңызды қызметі болып саналады. Құн­ды­лықтардың сенімді сақтаушысы ретіндегі банктің жо­ға­ры беделі ақшалар мен өзге де құндылықтар үшін оның кас­салық операцияларының, қорларының, сақтайтын ор­ган­дарының, кассалық сейфтердің болуымен нығайтыла түседі. Құндылықтарды сақтауды банк екі формада (үлгіде) жүзеге асыра алады:

  • банк шартқа сәйкес көрсеткен қызметіне қарай ақы ала­тын және өз негізінде клиентке кепілдікті қамтамасыз ететін құндылықтарды сақтау үшін сейфтер бере­ді;

  • банк құндылықтарды өз жауапкершілігіне алып, агент рөлінде қатысқан кезде клиенттің өтініші бой­ынша жүргізген кезде болат камерада сақ­тай­ды.

Нарықтық экономикалы елдердің бүкіліне тән болып саналатын коммерциялық банктердің дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес бүкіл қызметін мынадай негізгі үлгіде (формада) топтастыруға болады. (1 кесте):



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет