Ќазтўтынуодаєы



бет32/59
Дата22.12.2021
өлшемі0,88 Mb.
#9920
түріНұсқаулар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАР
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару


Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. Экономикалық шығындарға не жатады?

  2. Өндірістік шығындарға түсініктеме.

  3. Қысқа мерзім кезеніндегі шығындар қалай анықталады?

  4. Тұрақты шығындарға не жатады?

  5. Айнымалы шығындарға ше?

СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй жұмысы: тақырыппен танысу

  2. Тақырыпқа байланысты глосарии құру

  3. Есептерді шешіңдер:

1-есеп. «Мерей» фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Берілген кәсіпорынның бухгалтерлік шығындардың негізгі бөлшектерін атап көрсетіңіз.Бұл жағдайдаайқынсыз шығындардың қайсысы орын алады?

2-есеп.Үкімет заңды тұлғалардың мүлкіне алынатын салық көлемін көтерді деп жорамалдайық. Бәсекелестік фирма үшін орташа айнымалы шығындардың мөлшері мен тұрақты және жалпы шығындардың мөлшері өзгере ме?

3-есеп. Киім тігумен айналысатын фирма үшін матаның бағасы көтерілуі оның тұрақты шығындарының мөлшеріне қалай әсер етеді? Бұл жағдайда шекті шығындардың мөлшері өзгере ме?

Тест сұрақтары:


  1. Экономикалық шығындар құрамына:

а) айқын және айқын емес шығындар, сондай-ақ кәдімгі пайда да қосылады;

ә) айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар қосылмайды;

б) айқын емес шығындар қосылып, айқын шығындар ескерілмейді;

в) айқын және айқын емес шығындар қосылмайды.

2. Ұзақ уақыт мерзімінде:

а) барлық шығындар айнымалы болады;

ә) барлық шығындар тұрақты болады;

б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;

в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.

3. Қысқа мерзім аралығында:

а) барлық шығындар айнымалы болады;

ә) барлық шығындар тұрақты болады;

б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;

в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.

4.Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы шығынды сипаттайды:

а) Δ MC;


ә) VC-FC;

б) FC+VC+MC;

в) FC+VC;

г) (FC+VC)/Q.

5. Орташа жалпы шығындар дегеніміз өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын:

а) тұрақты және айнымалы шығындар;

ә) тұрақты шығындар;

б) айнымалы шығындар;

в) шекті шығындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет