Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет161/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология
Ñ ïðîãåñòåðîííû?
Ажырату диогностикасы
дерматоздармен, жүйелі қызыл
жегімен, 
полиморфты 
фотодерматозбен, 
псориазбен, 
медикаментозды токсидермиямен, жүргізіледі. Жүйелі қызыл 
жегінің дискоидтыдан айырмашылығы, фолликулярлы кератоз 
болмайды, ал атрофия болмашы ғана болады. Жүйелі қызыл 
жегіде артралгия, полисерозиттер, эндокардит, ОНЖ зақымдалуы, 
ауыр васкулиттер болады. Полиморфты фотодерматозда қыста 
жағдай жақсарады, бастың шашты бөлігінде бөртпелер болмайды, 
сирек жағдайда қышыну болады. Шектелген псориаз, көбіне 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
84-сурет. 
Микроскоптағы LE
-
(жегелік)
 жасушалар 


бастың шашты бөлігінде, және дененің ашық аймақтарында 
орналасады, дискоидты қызыл жиегіні еске түсіреді.
Емі.
Емнің негізгі мақсаты шектелген процесстің жүйелі түрге 
өтпеуіне, клиникалық ремиссияға қол жеткізу, науқастың өмір 
жасын ұзарту және еңбекке қабілеттігін арттыру арқылы өмір 
сапасын көтеру. Науқас қорғағыш режимді және ашық ауада 
жасауды қажет етпейтін жұмысқа орналастыруға мұқтаж болады.
Дискоидты қызыл жегінің базисті емі болып хинол 
препараттары табылады: гидроксихлорин тәулігіне 0,2 г-нан 2 
рет, 2 күндік үзіліспен 5 күндік цикл, немесе тәулігіне 0,25 г-нан 2 
рет, 2 күндік үзіліспен, 5 күндік цикл толық клиникалық сауығуға 
дейін немесе 3-4 ай бойына (офтальмолог бақылауында және қан, 
зәр, трансаминазаларды тексерумен). Бұл препараттардың 
фотоқорғаныштық 
қасиеті 
бар, 
ДНК 
мен 
РНК 
полимеризациясының алдын алады және антидене және 
иммундық кешен түзу реакциясын басады.
Қызыл жегінің патогенезінде босрадикальды процесстің 
алатын орнына байланысты антиоксиданттар тағайындалады: 
альфа-токоферол тәулігіне 0,05 г 4-6 апта бойына, бета-каротинді 
тәулігіне 0,01 г-нан 4-6 апта бойына. Дискоидты қызыл жегінің 
ауыр түрінде жүйелі кортикостероидтар тағайындалады: 
преднизолон тәулігіне 15-40 мг-нан айқын клиникалық тиімділігі 
байқалғанша, содан соң 5-10 мг/ тәулікке дейін біртіндеп 
төмендетеді, немесе дексеметазон 2-5 мг/ тәулік есебінен 
клиникалық тиімділігі байқалғаннан кейін 0,5-1,0 мг/тәуілік 
есебінен 
қолдаушы 
ем 
қолданылады. 
Қызыл 
жегінің 
гипертрофиялық формасында ароматтық ретиноидтар (ацитретин 
1 мг/кг) қолдануға болады.
Сыртқы ем үшін топикалық кортикостероидтар беріледі: 
флуметазон, триамцинолон, алклометазон, целестодерм немесе 
оларға ұқсас препараттар. Жақпамайды тәуілігіне 3 рет жағады. 
Ем толық клиникалық тиімділігі білінгенше (әдетте 4-5 апта 
бойына) жүргізіледі. Айқын білінетін инфильтрацияда және 
гиперкератозда салицил қышқылы бар кортикостероидты 
жақпамайлар (элоком-С, белосалик, лоринден-А) қолданылады. 


Топикалық глюкокортикоидтарға альтернатива ретінде 1% 
пимекролимус кремі ұсынылады. 
Дискоидты қызыл жегінің онша үлкен емес ошақтарын 
делагилдің 5% ертіндісімен аптасына 1-2 рет (бір процедураға 2 
мл-ден артық емес) айналдырып егеді. Өте айқын білінетін 
гиперкератикалық қосарланулар байқалғанда, криотерапия немесе 
аргонды лазер қолданылады. Науқас күнді, суық, желді күндері 
ашық ауаға шығудан бас тартуы керек; ашық ауаға шықпастан 30 
минут бұрын терісінің ашық аймақтарына жоғары дәрежелі 
фотоқорғаныштық әсері бар (SPF 40-тан кем емес) кремдер жағуы 
қажет. Тиімді, ұзын жеңді, мойнына орамал жауып, дөңгелек 
қыры бар қалпақ, сияқты киімдер кигені жөн. Науқастарға, 
құрамында тертрациклин, сульфаниламидтер, диуретиктер, 
стероидты емес қабынуға қарсы әсерлі дәрілер, бета-
адреноблокаторлар, 
кородарон, 
гидрализин, 
изониазид,
эстрогендер және контрацептивті және басқа дәрілер бар 
жақапамайлар күн сәулесінің әсерін артыратын жеткізу керек.
Қызыл жегімен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауда 
болуы керек, мезгілімен қан және зәр анализін тапсырып тұруы 
тиіс. Терапевт пен ревматолог кеңесі ұсынылады. Көктемде және 
жазда өршуге қарсы ем қолданған ықтимал: плаквенил (делагил) 
күніне бір таблеткадан; альфа-токоферол күніне 1 капсуладан (50 
мг) немесе бета-каротин күніне 1 капсуладан (10 мг). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет