Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Терінің қан тамыр және лимфатикалық жүйесі



Pdf көрінісі
бет17/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология
Ñ ïðîãåñòåðîííû?
Терінің қан тамыр және лимфатикалық жүйесі

Гиподерманың астында орналасқан теріні қанмен қамтамасыз 
ететін кең ілмекті тор фасциальды деп аталады. Осы тордан бір-
бірімен 
анастомоз 
құрайтын 
майда 
тармақтар 
тарап, 
субдермальды артериальды торды құрайды. Субдермальды 
артериальды тордан тараған және анастомозданған тамырлар 
жоғары қарай тіке және қиғаш бағытта көтеріліп, дерманың 
емізікті және торлы қабат шекарасында беткей тамырлық өрім 
құрайды. Осы өрімнен, терілік емізікшеде ілмекті құрылымы бар 
терминальды артериолды қақпа (аркада) түзетін артериолалар 
басталады. Терідегі папиллярлы капиллярлардың тығыздығы 
емізікше тығыздығына сәйкес болады, және дененің әр бөлігінде 
әрқалай, 1мм² теріде – 16-дан 66-ға дейін капиллярлар болады. 
Шаш қапшығы, май және тер бездері терең тамырлық өрімнен 
көлденең таралатын тамырлар арқылы қоректенеді. Венозды жүйе 
емізікті қабат пен тері асты шел май қабаттарында артериальды 
тамыр жолын қайталайтын 4 веналық өрім құрайтын 
посткапиллярлы венулалардан басталады. Бір типті және әр-түрлі 
типті тері ішілік тамырлар бір-бірімен кең көлемде анастомоз 
құрайды. Теріде жиі гломустар, немесе артериовенозды түйінді 
анастомоздар – артериола мен венулалардың капиллярсыз қысқа 
байланыстары кездеседі. Олар тері қызуын реттеуге қатысады, 
капилляр, бұлшықет, нерв ұштары қызмет жасауы үшін қажет 
интерстициальды кернеуді ұстап тұруға ықпал етеді.
Терінің лимфатикалық тамырларын екі тор құрап, беткей және 
терең тамыр өрімдерінің үстінде орналасатын капиллярлар 
құрайды. Лимфатикалық тордың қақпақтық (клапандық) жүйесі 
бар және олар бір-бірімен ұштастар (анастомоз) құрайды. Тері 
асты шел майынан өтіп, бұлшықет апоневрозы мен фасция 
шекарасында кең ілмекті өрім құрайды – 
plexus lymphaticus 
cutaneus





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет