пимафукорт) бар препараттар тәулігіне 2 рет 3-5 күн аралағына
қолданылады.
Сыртқы терапияның нәтижесі болмаған кезде жүйелі әсер
ететін
антимикотикалық
препараттар
тағайындалады:
итроконазол (тамақтан кейін 200 мг/тәулігіне 7 күн, содан кейін
100 мг/тәулігіне 14 күн); немесе тербинафин (сонымен қатар
тамақ ішкеннен кейін 250 мг/тәулігіне 3-4 апта аралығында);
немесе флуконазол (аптасына 1 рет 150 мг 4 апта аралығына);
немесе низорал (алғашқы 2 күн 0,2 г 2 рет, содан кейін тамақтан
кейін немесе тамақтан соң 1 тб 1 рет, курс – 2-6 апта).
Жасөспірімдер бастапқыда Уайтфилд жақпамайымен жеңіл
қабыршақтанады, ересектерде – Ариевич жақпамайымен
жасайды.
Қабыршақ түскен соң жас мүйізделген тері үстіне
гризеофульвин, канестон жақпамайларын, тербинафин, кандид,
клотримазол кремдерін жағады.
Балаларға салицил мазі, бор қышқылының ерітінділерін
дымқылдаушы (ауырған жерге дәрілі дымқыл дәкі басу) түрінде
қолдануға болмайды. Себебі, бұл абсорбция нәтижесінде уытты
әсер беруі мүмкін.
Тырнақтың 1/3-ін немесе жартысын алып жататын бір
саусақтың дистальды немесе қаптал жиектерінің зақымдалуын
жақпалар мен тазартулар көмегімен-ақ емдеуге болады.
Емдеудің бірнеше сызбасы ұсынылады (Ж.В. Степанова).
Достарыңызбен бөлісу: