келеді. ПТР ЖГВ-1 және ЖГВ-2 үшін праймерлер жиынтығы бар,
бірақ бұл қымбат әдіске қажетті құрылғылары болуы тиіс.
Емі:
Сыртқы ем ретінде анилин бояуларының спиртті
ерітінділері, ішінде вирусқа қарсы препараттар бар, соның ішінде
фукорцин, жақпамайлар (оксалинді 3%, тербофенді 3–5%,
зовиракс, ацикловир) қолданылады. Жақсы терапиялық нәтиже
емді ертерек (алғашқы4-5 сағатта) қолдана бастағанда байқалады.
Лейкоцитарлық интерферон ерітіндісін зақымдалған ошаққа
күніне 6-7 рет қолданады. Қайталамалы ұшық емі қиынға
соқтырады. Қайталауларды тоқтату үшін клеткалық иммунитетті
жоғарылату керек. Герпетикалық поливалентті вакцинаны иыққа
тері ішіне 0,1 мл-де арасына 2-3 күн салып, 10 күндік курс
жүргізіледі. Шамалылау нәтижелі ем ретінде дистилляцияланған
су немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде
дезоксирибонуклеаза (ДНҚ-аза) 10-25 мг ұнтағын ерітіп енгізу
қолданылады. Инъекцияны күнара жасайды, емдеу курсы 6-10
күн. Ұшықта ацикловирдың (зовиракс, виролекс) жоғары
терапиялық әсері бар, оны қайталамалы ұшықта 200 мг-нан
тәулігіне 5 рет ішеді, ұзақтығы 5 күн. Онымен бірмезгілде 5%-
дық зовиракс майын зақымдалған аймаққа күніне 6 рет жағады.
Достарыңызбен бөлісу: