шаштың
қоректенуін
бұзады,
ал
диффузды
алопеция
интоксикациямен немесе трепонемамен жүйке және эндокрин
жүйелерінің зақымдануымен түсіндіріледі.
Ауыз қуысымен көмейдің кілегей қабығының зақымдалуы жиі
екіншілік мерезде байқалады, кейде екіншілік рецидивті мерезде
кілегей қабықтардағы бөртпелер аурудың бір ғана клиникалық
белгілері болуы мүмкін. Екіншілік мерезбен ауыратын
науқастардың
жартысында
ауыз
қуысының
кілегейінің
зақымдалуы розеолезді және папулезді элементтер түрінде
байқалады. Пустулезді бөртпелер ауыз қуысының кілегей
қабатында конъюнктивада, жатыр мойнында, қынапта сирек
кездеседі. Ауыз қуысының кілегей қабығындағы сифилидтерде
бозғылт трепонемалардың көп мөлшерлігі және қатынастығы
жоғары болғандықтан, эпидемиологиялық маңызы бар. Сонымен
қатар науқастарға бұл сифилидтер ешқандай шағым туғызбай,
тікелей және жанама қатынаста жұқтыру көзі болып табылады.
Кілегей
қабаттардың
Достарыңызбен бөлісу: