кезеңде әлсіреу, қалтырау, бұлшықеттердегі, буындардағы
ауырсыну, ұйқысыздық, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі,
шаршағыштық болады. Олар бет, білек пен балтырдың бозаруы
мен мұздауымен сабақтасады. Аурудың әрі қарай дамуынан тері
түсі ақшыл-сұрғылттан сарғышқа айналады, тығыздалуы
күшейеді, түк тәріздес шаштар түсіп қалады.
Саусақтар жіңішкеріп дауылпаз таяқшасына ұқсап кетеді. Тері
жақын жатқан тіндерге бекиді, буындардағы қозғалыс
қиындайды. Терінің ригидтілігі мен керілуі, оның бозаруы,
мұздауы
парестезиялармен,
салдануымен
асқынады,
телеангиэктазиялар
пайда
болады.
Кей
жерлерде
тері
қабыршақтанады, жарықшақтар пайда болып, мутиляциялар
дамиды. Тері жақын жатқан бұлшықет пен сіңірлермен тығыз
қосылған, саусақтар өлген адамның саусақтарына ұқсас
(склеродактилия) болады. Артынан бұлшықет, сіңір, сүйек пен
тырнақтар атрофияланады, білектің спастикалық бүгулік
контрактурасы дамиды.
И.С. Тургеневтің “Тірі күштер” шығармасында беттің өзгерісі
айқын сипатталған. Беттің терісі,
тері
асты
шел
майы
мен
бұлшықеттерінің склеротикалық
және атрофиялық зақымдалуынан
мұрны үшкірленеді, ауыз бұрышы
тарылады, қатпарланады, ұрты
солады, ерні жіңішкереді. Бет
мимикасы жоғалады, бетперде
тәрізді болып, қола реңге енеді.
Жиі процесске ауыз бен тілдің
кілегей қабаты араласады. Еріннің
қызыл жиегі ақшыл реңденіп,
қабыршақтанады,
жарықшақтар
мен жаралар болуы мүмкін. Тері мен еріннің қызыл жиегінің
ригидтілігі мен тығыздануы микростоманың қалыптасуына
әкеледі. Ауыздың кілегей қабатының эпителийі атрофияланған,
жұмсақ таңдайдың деформациясы байқалады. Алғашында тіл ісік
есебінен ұлғаяды, бірақ кейін фиброзданып, солады, ригидті
Достарыңызбен бөлісу: