ақ тер бездерінің топографиясына байланысты. Темірдің мөлшері
маңдайдан бөлінетін тердің құрамында аяқ қолдың терісінен
бөлінетін терге қарағанда 6 есе көп. Тердің құрамындағы
хлоридтер
тер
бөліну
жылдамдығына,
метаболизм
интенсивтілігіне, дене қызуына, адамның жасына байланысты.
Тер арқылы ағзадан дәрілік заттар да (йод, хинин, антибиотик)
сыртқа бөлініп шығарылады. Орта есеппен күніне 750-1000 мл-ге
дейін, жоғарғы температурада тіпті бірнеше литр тер бөлінеді.
Тер бездерінің қызметін орталық және вегетативті жүйке жүйесі
реттеп отырады. Бұл бездердің қызметін белсендіруші ол сыртқы
ортаның температурасының жоғарылуы.
Тері экскреторлы қызметімен қатар секреторлық қызметті де
атқарады. Органикалық және неорганикалық заттар, минералдық
зат алмасу прцессі өнімдерімен қатар тер және май бездері
көмегімен организмнен көмірсу, дәрумен, гормон, фермент,
микроэлементтер және көп мөлшерде су шығарылады. Тер
үзіліссіз әрдайым бөлініп отырады. Тердің көзге көрінетін
perspiration
insensibilis
және
профузды,
яғни
жоғары
жылуреттелуінде бөлінетін деген түрлері бар.
Апокринді бездердің қызметі жыныс бездерімен байланысты.
Олардың қызметі пубертатты кезеңде басталып, климакстық
кезеңде аяқталады. Апокринді бездердің қызметіне де тер мен
май бездерінікі сияқты эмоциональды, эндокринді дисфункция,
стресстік жағдайлар және жылулық режимнің бұзылуы әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: