Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет458/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық ағымы.
Гонококктық инфекцияны жүргізу 
хаттамаларында диагностикалық және емдік шаралар толық 
қарастырылған.
Жергіліктенген гонококктық инфекция
 
зәржыныс жүйесінің 
төменгі бөліктерінің, парауретральдық және қосымша бездердің 
немесе ауызжұтқыншақты, тіке ішекті, көру мүшелерінің 
асқынусыз, іріңдеусіз зақымдалуын қамтиды.


Ер адамдарда жергіліктенген гонококктық инфекцияның 
(уретрит немесе цистит, проктит, конъюнктивит, фарингит) 
клиникалық көрінісі қабыну процессінің сипатына, ауырлық 
дәрежесіне байланысты және дизуриямен, зәр шығару жолынан 
іріңнің 
шығуымен, 
тіке 
ішекке 
берілетін 
аралықтың 
ауырсынумен, эрекция мен оргазмның бұзылуымен сипатталуы 
мүмкін. 
Белгісі 
байқалмайтын 
уртераның 
гонококктық 
инфекциясы 10% аз ер адамдарда байқалады.
Патологиялық процесстің орналасуына байланысты тексеру 
кезінде зәр шығару түтігінің сыртқы тесігінде (үрпіде) гиперемия, 
ісіну, уретра қабырғасының инфильтрациясы, уретрадан 
кілегейлі-іріңді бөліністің байқалуы мүмкін. Ер адамдарда 
аноректальды аймақтың залалдануы, әдетте гомосексуалистерде 
байқалады. Гонококктық инфекцияның бұндай орналасуында 
көтеншекте қышу, күю, аздаған мөлшерде сарғыш немесе 
қызғылт түсті бөлініс байқалуы мүмкін. 
Процесс анальды тесіктен жоғары орналасса ауырсынатын 
дефекация сезімі, нәжіс шыққанда ауырсыну, қанға араласқан
іріңнің бөлініуі, екіншілік іш қатулар, дене қызуының 
субфибрильді 
болуы 
байқалады. 
Аноректальды 
гонорея 
байқалатын науқастардың 50-60%-да гиперемия, анальды тесіктің 
қыртыстарныда іріңді бөліністің болуы сияқты объективті 
белгілер білінеді.
Көз құрылымының гонококктық инфекциясы, әдетте 
айтарлықтай ауырсынумен, жас ағумен, қабақтың ісінуімен, 
жарықтан қорқумен, зақымдалған көз бұрыштарныда іріңді 
бөліністердің байқалуымен білінеді.
Ауызжұтқыншақтың гонококктық инфекциямен зақымдалуы 
гонококты 
уретритпен 
ауыратын 
науқаспен 
пероральды 
жыныстық қатынасқа түсуден пайда болады. Гонококкты 
стоматитте ауыз қуысының зақымдалған кілегей қабаты айқын 
гиперемияланған, аздап ісінген және ауырсынатын болады. Осы 
фонда жағымсыз исті бөліндімен, сұр жабындымен жабылған 
аймақтар пайда болуы мүмкін. Оны алып тастағанда эрозия 
ашылады. Бұндай зақымданулар ұрт, еріндер, ауыз қуысының 
түбін және тілідң төменгі бетін қамтуы мүмкін. Гонококкты 


гингивит және тонзиллиттің клиникалық тұрғыдан басқа 
этиологиялы осындай арулардан өзгешелігі жоқ.
Гонококктық процесстің ағымы енжар, емсіз – ұзақ болып 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет