Эритразма
.
Қоздырғышы –
Corynebacterium
minutissimum
.
Ер
адамдарда шап аймағында,
әйелдерде қолтық астында және
басқа тері қыртыстарында (
31-
сурет)
кездеседі.
Қоздырғыш мүйізді
қабатта
көбееді де, қабынулы емес
түлейтін, қоңыр-қызыл түсті,
күрт
шекаралы, шетке қарай
өсуге
және қосылуға бейім
дақтың
пайда
болуын
шақырады.
Дақ сау теріден шектелген.
Әдетте, тисетін аймақтардан
сирек шығып тұрады.
Жылдың
ыстық кезінде қызарудың артуы,
терінің
ісінуі,
жиірек
везикулизация,
ылғалдануы
байқалады.
Диагностикасы
клиникалық
көріністеріне негізделеді. Қажет
болса
микрофлорасын және
оның антибиотиктерге сезімталдығын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: