Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет148/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

2.1.4.
 
Т
ЕРІ МЕН КІЛЕГЕЙ ҚАБАТТАРДЫҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚТЫ 
АУРУЛАРЫ 
 
Жалпы мағұлматтар. 
Тері ауруларында дерматомикоздар 
пиодермиттерден кейін 2-ші орын алады. Саңырауқұлақтар 
табиғатта кең таралған, бірақ оның аз бөлігі ғана жануарлар мен 
адамдарға патогенді әсер етеді. Олар топырақта, өсімдіктерде 
өмір сүреді, жануарлар мен адамдар үшін паразит болып келеді. 
Саңырауқұлақтарды жануарлар (зоофильді) мен адамдарда 
(антропофильді) ауру тудыратын монопатогенді және екеуін де 
зақымдайтын 
полипатогенді 
(зооантропофильді 
немесе 
антропозоонофильді) түрлерін ажыратады. Адамның терісін 
зақымдайтын патогенді саңырауқұлақтар – дерматофиттер, ал 
олар шақыратын ауру – дерматомикоздар деп аталады.
 
Кандида тұқымдастығының патогенді ерекше тобына ашытқы 
тәрізді патогенді саңырауқұлақтар жатады. Олар спора түзбейді, 
көбейеді, ал олардан түзілген жіптерден шынайы тармақ 
болмайды, сондықтан оларды псевдомицилдер деп атайды. 
Инфекциялану екі жолмен жүреді. Инфекцияның тіке берілу 
жолы өсімдіктермен, ауру жануарлармен немесе ауру адамдармен
қатынаста болған жағдайда, тіке емес жолы – ауру адам 


қолданған әртүрлі заттар мен құралдарды және жануарларды күту 
құралдарын ұстағанда жұғу. 
Кейбір саңырауқұлақ ауруларымен (беткей трихофития, 
микроспория және т.б) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 
балалар, ал басқа түрлерімен (эпидермофития, рубромикоз, терең 
жүйелі микоздармен және т.б) ересек адамдар ауырады. Белгілі 
бір саңырауқұлақ ауруларының жұғу (мысалы, мамық 
микроспория – күзде, ал зоофильді трихофития – жазда) және 
өршу (табан эпидермофитиясы көктемде және жазда өршиді) 
мезгілдері 
байқалады. 
Дерматомикоздардың 
жайылуына 
климаттық жағдайларда әсер етеді. Соңғы кезде микозбен 
аурудың өсу және төмендеу циклділігі байқала бастады. Бұның 
барлығын 
әрбір 
облыстар 
мен 
республикаларда 
дерматомикоздарға қарсы күрес жүргізгенде ескеру қажет. 
Патогенезі.
Саңырауқұлақ инфекциясын қабылдаушылық 
иммундық 
жүйенің 
жағдайына, 
нейроэндокриндік 
және 
метаболикалық бұзылыстарға, терінің жағдайына, қосымша 
аурулардың болуына байланысты түсіндіріледі. Сонымен қатар 
жасы, жынысы, кәсіби факторлар да маңызды. Балаларда тері 
тығыздығы жеткіліксіз және мүйізді қабаттың эпидермис және 
шаштың жинақылығы қанағаттанарлықсыз болғандықтан, тердің 
химизмі және су липидті мантиясы өзгергенде патогенді 
саңырауқұлақтардың енуіне және сапрофитті саңырауқұлақ 
флорасының патогенді флораға ауысуына қолайлы жағдай 
жасалады. 
Инфекциялық 
және 
созылмалы 
аурулар 
организмнің 
реактивтілігін төмендетіп, тердің химизмын, тері, шаш жағдайын 
өзгертіп, сапрофитті саңырауқұлақ флорасын (мысалы, кандида 
тобындағы ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар) патогенді флораға 
ауысуына ықпал етеді. 
Жіктелісі.
Дерматомикоздардың нақты жіктелісі жоқ. Қазіргі 
кезде А.М. Ариевич ұсынған, Н.А. Шеклаков (1976 ж) 
толықтырған, микоздардың жіктелісі қолданылады. Қазіргі кезде 
терінің саңырауқұлақ ауруларын 45 үлкен топқа бөледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет