Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Этиологиясы және патогенезі



Pdf көрінісі
бет209/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Этиологиясы және патогенезі
.
Қызыл жегінің себебі толық 
анықталмаған. 
Патогенезінде 
басты 
рөльді 
айналымда 
антидененің пайда болуы, әсіресе толық ядроға қарсы 
антиядролық антидене, сондай-ақ айналымдағы иммундық 
жүйенің пайда болуы жатады. Базальды мембранаға шөгіп, 
айналымдағы иммундық жүйе оның қабынуын туғызады. Осы 
ауруға 
әкелуі 
мүмкін 
жағдайларға 
фотосенсибилизация, 
күйзелістік жағдайлар, дәрілік заттар жатады. Морфофункциялық 
патология 
негізінде 
орталық 
звено 
болып 
жасушалық 
иммунитеттің төмендеуі жатады. Т-лимфоциттер мен Т-
супрессорлар, Т-киллерлер саны мен сапасының азаюы В-


жасушалық популяцияның гиперфункциясына жалғасады. Қызыл 
жегімен ауыратын науқастарда изогенді және гетерогенді 
аутоантиденелер, LE-фактор, лейкоциттерге, тромбоциттерге, 
эритроциттерге және жасушалық компоненттерге (ДНК, РНК, 
нуклеопротеин, гистоерімейтін нуклеарлық компоненттерге) 
антиденелердің 
түзілуі 
анықталады. 
Қан 
ферменттік 
элементтеріне антиденелердің цитотоксикалық әсері 1948 жылы 
Харгрейвс, Ричмонд және Мортон ашқан жүйелі қызыл жегімен 
ауыратын науқастардың кемік сүйек майында нуклеофагоцитоз 
түрінде болатын LE-феноменімен түсіндіріледі. Дюринг
ауруымен, плазмоцитомамен, склеродермиямен, ревматизммен, 
токсидермиямен 
ауыратын 
науқастарда 
қызыл 
жегінің
антиядролық факторы мен клеткалары анықталуы шартты түрде 
ғана патогномиялық болып қарастырылады. Жүйелі қызыл жегіде
антинуклеарлы антиденелер жиі анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет