Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет253/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Стивенс-Джонсон синдромы 
экссудативті эритеманың ауыр 
ағымды, жалпы жағдайының айтарлықтай бұзылуымен жүретін 
нұсқасы. Процесс жоғары деңгейдегі, бөртпе жойылып кеткеннен 
кейінде сақталып қалатын, қызбамен басталады. Тері мен кілігей 


қабаттарда экссудативті эритемаға тән бөртпелермен қатар, ауыр 
жағдайының фонында ердерінде, тілде, жұмсақ және қатты 
таңдайда, аранының артқы қабырғасында, доғаларында, кейде 
көмейде, теріде үлкен эритематозды дақ және папула ортасында 
везикулезді іріңге толы геморрагиялық көпіршіктер пайда болады 
(100-сурет)
. Олар бұзылғаннан кейін пайда болатын эрозиялар
бір-бірімен қосылып бірігеді немесе толық қансырап тұратын 
зақымдануға айналады. Эрозияның бір бөліктері сұр-ақ 
жабындымен жабылады. Науқастардың ауызы мен еріндерінің 
ауыр зақымдану салдарынан олар сөйлей, тамақ, тіпті сұйық
тағамдардың өзін, іше алмайды. Процесс көздің айқын 
зақымдануымен ауырлайды. Конъюнктивит пен кератит дамиды. 
Сирек жағдайда Стивенс-Джонсон синдромы байқалатын 
науқастың өлімі менингоэнцефалит және миокардит дамуынан 
болуы мүмкін.
Стивенс-Джонсон синдромы, дәрілік препараттардың ең ауыр
нұсқасы ретінде дамитын Лайелл синдромына ұқсас болып 
келеді. Бұл синдромның Стивенс-Джонсон синдромынан 
айырмашылығы эпидермистің кең көлемді сыдырылып түсуімен 
жүреді; екінші дәрежелі күйікті еске түсіреді. Олар алғашқыда 
жиі бет, кеуде, арқа терісінде байқалады, терінің бетінің 
зақымдалуы 80-90% құрайды.
Емі.
Экссудативті эритема байқалатын әрбір науқас фокальды 
инфекцияларды анықтау және ошақтарды санациялау үшін 
зерттеуден өтуі керек. Ең бастысы аурудың себебін тауып, оны 
жоюға тырысу. Эритема туғызуы мүмкін препараттарды алып 
тастау 
немесе 
басқасымен 
ауыстыру. 
Дерттің 
жеңіл 
дәрежелерінде кортикостероидтарды жақпамайлар сырттан емдеу 
жеткілікті. Ауыр жағдайларында кортикостероидты гормондарды 
20-60 мг/тәул. есебінен 2-3 аптада бойында азайтып, қолданады.
Қосарланған герпетикалық инфекцияда ацикловир 600 мг/тәул. 
есебінен күніне 3 рет, ал екіншілік бактериальді инфекцияда кең 
спектрлі 
антибиотиктер 
қолданылады. 
Стивенс-Джонсон 
синдромында 
жоғары 
мөлшерде 
кортикостероидтар
(преднизолон 60-80 мг), детоксикалық (натрий сульфаты, 
полиглюкин) және десенсибилизациялаушы заттар қолданылады.


Көпіршіктер мен эрозияларды фукорцинмен және 5% 
дерматолды жақпамаймен, ауыз қуысының кілегейіне таралған
түрінде ауызды (калий перманганат 1:800 ерітіндісімен, 2% бор 
қышқылы ерітіндісімен, түймедақ тұнбасымен және басқалармен) 
жеңіл шаяды. Тамақ ішер алдында ауыз қуысының кілегей
қабатының ауырсынуын басу үшін ауызды 0,25% новокаин 
ертіндісімен шаюға болады. Ерін айналасына бактериоцидтік
заттар (тетрациклин, эритромицин) жақпамайын жағады. Ауыз 
айналасындағы қабыршақтар түскеннен кейін кортикостероидты
жақпалар мен бактерицидтік заттар (гиоксизон, лоринден С, 
дермозолон және басқалар) жағылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет