Мальпигий қабатындағы «акантолиз» деп аталатын дегенеративті өзгерістер, Никольский белгісі (феномені) деген атақ алған маңызды клиникалық-диагностикалық көріністің морфологиялық негізі болып келеді. Ол көпіршіктің
қабығының үзіндісінен ұстап тарқанда көзге сау болып көрінетін
терінің эпидермисінің сылынуынан тұрады. Көзбен қарағанда сау
болып көрінетін көпіршіктер немесе эрозиялар арасындағы
үйкелегенде эпидермистің беткі қабатының жеңіл сылынуы
байқалады және де көзге сау болып көрінетін зақымдалған
ошақтардан алыста жатқан терінің бөліктерінде эпидермисінің
жоғарғы қабаттары да жеңіл жарақаттанады.