Тері элементтері полиморфты.
Бір
уақытта
не
аздаған
интервалмен көпіршіктер, сулы
бөртпелер, папулалар, пустулалар,
күлдіреуіктер
шектелген
эритематозды
аймақта
пайда
болады
(106-сурет).
Содан соң
екіншілік элементтер: эрозиялар,
қабыршақтар, қабықтар пайда
болады.
Бөртпелер
топтасқан
(герпетиформды),
симметриялы
орналасады. Ауру кейде субъективті симптомдармен (қышыну,
күйдіру мен ауырсыну) басталады. Науқастардың жалпы
жағдайы, кезекті түрде қызуының көтерілуіне қарамастан,
қанағаттанарлық болып қала береді.
Дене мен аяқ-қолдың жазғыш бетінде және бөкседе, везикула
мен пустулаға айналуға бейім, эритематозды дақты-папулезді
және уртикарлы элементтер пайда болады. Ірі пемфигус тәрізді
көпіршіктер пайда болуы да мүмкін. Диаметрі 5-10 мм бозғылт-
сары түсті саңалау көрініп тұратын везикулалар тән. Олар одан да
ірі жарылып, кеуіп қабыршақ түзейтін көпіршіктерге айналуы
мүмкін. Везикула, пустула немесе көпіршіктің ішіндегі сұйқытық
кейде геморрагиялық болады. Бөртпелер қатты қышыну немесе
күйдіру мен ауырсынумен жүреді. Қатты қышыну салдарынан
пайда болған экскориация, терең қасыған жерлердегі қабыршақ,
эрозия, мүйізгек, тілінулер, пигментация полиморфизмді
күшейтеді. Вульгарлы көпіршікпен салыстырғанда мұнда ауыз
кілегейі анағұрлым сирек зақымдалады (10% жағдайда) және
ешуақытта терідегі көріністерден бұрын пайда болмайды.
Дегенмен, балаларда ауыз кілегейі жиі зақымдалады, көпіршікті
элементтер басым келеді, олардың топтасу мен полиморфизмге
бейімділігі төмен болып келеді. Бұрын бөртпелер болған
жерлерде пигментация байқалады, бұл ересектерде де байқалады.
Никольский белгісі Дюринг дерматитінде теріс. Қанда
эозинофилия болады. Көпіршік құрамында да әдәуір көлемде
эозинофильдер анықталады. Базальді мембрана аймағындағы
Достарыңызбен бөлісу: