энзистал күніне 1 дражеден 3 рет. Науқастарда тұрақсыз нәжіс
байқалса, құрамында өт жоқ препараттар тағайындайды.
Айқын ісіктік синдром байқалғанда зәр жүргізетін
препараттар қолданылады.
Иммуномодуляциялық
препараттарды
қанды
иммунологиялық зерттеу барысында екіншілік иммунды
жетіспеушілік жағдайының клиникалық белгілеріне байланысты
тағайындайды: жиі ЖРВИ, вирусты және саңырауқұлақты
инфекциялар, қайталамалы пиодермия, созылмалы инфекция
ошақтары, тұрақты емге резистенттілік пайда болғанда. Жиі
0,01% – 1 мл тактивин ерітіндісін тәулігіне 1 рет бұлшық етке 5-
14 күн бойы немесе ликопид 10 мг тәулігіне 1 рет немесе
миелопид 3,0 мг тәулігіне 1 рет 10 күн бойына тағайындайды.
In
vitro
препараттарын тестілеуді хемолюминесценттелген әдіспен
қоса қолдану арқылы иммунотропты препараттарды жеке дара
таңдайды.
Тұрақты, ауыр ағымды эритродермияға ауысу мүмкіндгі бар
экземада, преднизолонды (немесе басқа глюкокортикоид)
бастапқы дозасы 20-30 мг/тәулігіне 2-3 апта бойына тағайындап,
дозасын біртіндеп 1-2 мг (1/4 таблетка) азайтады. Экзематозды
эритродемиясы бар науқастарға детоксикация мақсатында
гемосорбция, плазмаферез, энтеросорбция қолданады.
Балаларда бір уақытта азқазан-ішек трактісінде дисбактериоз,
ферментопатия
болуы
мүмкін,
сондықтан
оларға
бифидумбактерин,
бификол,
бактисубтил,
лактобактерин,
колибактерин көрсетілген. Антибактериальды терапия курсынан
кейін тоқ ішекте стафилококк, протей, лактозонегативті ішек
таяқшалары табылғанда стафилококкты бактериофаг және
полипротейлі бактериофаг қолдану қажет.
Сыртқы емдеу қабыну процессінің деңгейіне байланысты
жедел қабынуда фукорцин, 25% күміс нитраты ерітіндісі, 0, 01-
0,1%
калий
перманганаты
ерітіндісінен
бұлаулар,
кортикостероидтардан жасалған аэрозольдер, қабынуға қарсы,
антибактериальды ылғалды таңғыштар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: