Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Балтыр мен аяқ басының



Pdf көрінісі
бет292/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 

112-сурет. Балтыр мен аяқ басының 
шектелген нейродермиті 
 
111-сурет. Шектелген нейродермит 


2.7.4. Атопиялық дерматит 
 
Атопиялық дерматит – терінің қабынулық қайталамалы 
созылмалы ауруы, ол анық лихенификациямен, папулезді 
бөртпелермен және қарқынды қышынумен көрініс береді. 
Бұрынғы кезде 1881 жылы Брок пен Жаке енгізген 
нейродермит термині қолданылып келді, ғалымдар мұнда 
дерматозды 
терінің 
қышымасы 
мен 
лихенификациясы 
байқалатын невроз ретінде қарастырған. 
1923 жылы А. Соса тұқымқуалаукшылық сипаттағы 
гиперсезімталдықты түсіндіру үшін атопиялық дерматит терминін 
қолданған.
Патогенезі.
Аллергияның (атопияның) атопиялық дерматит
механизміндегі маңыздылығы оның бронхиальды астма, 
вазомоторлы ринит, конъюнктивит, есекжеммен бірге 
байқалуымен дәлелдеуге болады. 
Атопиялық дерматиттің дамуында негізгі орынды иммунды 
механизмдер алады. Оның негізінде сау адамдарға қарағанда 
атопиялық дерматиті бар науқастарда көп мөлшерде болатын 
Лангерганс жасушаларының беткейіндегі жоғары коаффинді IgE
рецепторлары мен антигеннің байланысы жатыр. Лангерганс 
жасушалары теріге енген аллергендерді Т-лимфоциттерге 
таныстыратын негізгі жасушалар, ол өз кезегінде Th2-типімен Т-
хелперлердің белсенуіне әкеледі. Ол цитокиндердің, әсіресе 
интерлейкин-4 (ИЛ-4) бөлінуімен қатар жүреді және IgE 
гиперпродукциясын (жоғары деңгейді түзілуін) тудырады. 
Аллергендердің қайталап енуі мес жасушалардың деградациясын 
тудырып, 
қабыну 
медиаторларының 
бөлінуіне 
әкеледі. 
Аллергиялық қабынудың алғашқы сатысы гиперемия, қабыну, 
қышынумен білінеді. ИЛ-5, ИЛ-6, ИЛ-8 эозинофилдер мен 
макрофагтардың қабыну ошағына миграциясын, сонымен бірге 
ұзақ өмір сүруші эозинофилдерді де қоса, күшейтеді. Олар
қалыпты жағдайдағы 1 айдың орнына 3 ай бойы қан 
айналымында жүріп, апоптозға тұрақты бола отырып, қабынудың
созылмалы болуына ықпал етеді. 


Иммунитеттің Т-жүйесінің супрессорлық және киллерлік
белсенділігі төмендейді. Атопиялық дерматитпен ауыратын 
науқастарға IgM және IgA деңгейінің төмендеуі мен IgG мен IgE 
деңгейінің күрт жоғарылауы тән. Бұл ауыр тері инфекциясының 
дамуына әкеледі. Атопиялық дерматит моноциттердегі, В-
лимфоциттердегі 
DR-антигендердің 
экспрессиясының
төмендеуімен, мембрана беткейінде осы антигендері бар Т-
лимфоциттер санының жоғарылауымен жүреді. DR-антигендердің
экспрессия дәрежесі клиникалық көріністерінің ауырлығына 
байланысты. 
Маңызды рольді айқын эндогенді интоксикацияны тудыратын 
тұқымқуалайтын 
туа 
біткен 
асқорыту 
жүйесінің 
ферментопатиялар алады. Осыған байланысты нейроэндокринді
бұзылыстар, калликреин-кинин жүйесінің, катехоламин өндірілуі 
мен механизмінің бұзылысы, қорғаныш антиденелерінің
өндірілуі мен функциясының өзгеруі пайда болады. 
Терінің аллергиялық қабынуы эпидермистің мүйізді қабығы 
мен 
сулы-липидті 
мантиясының 
зақымдалуына,
трансэпидермальды судың жоғалуы болып, теріні патологиялық
құрғақ, гиперкератикалық қылады, қышыну тудырады. Терінің
кедергілік функциясының төмендеуі екіншілік инфициялануға
әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет