қарапайым көпіршікті теміреткі, белдеулік (айналма) теміреткі, сүйелдер, ұшық, жұқпалы қатынасты ұлу (моллюск), өткір ұшты кондилома жатады. Ересектерде
вирусты тері аурулары 3-4%, балаларда 9,5% құрайды. Баланың
құрсақішілік кезеңде вируспен инфицирленуі болғанымен
туылғаннан кейін және өмірінің алғашқы күндері анасының қаны
арқылы антиденелер түсуінен пассивті иммунитет калыптасуына
байланысты көрініс бермейді. 2 жасқа таяу иммунитеттің
әлсіреуіне байланысты вирусты дерматоздар дамуы байқалады.
Вирустың ену жолдары әртүрлі: тері, инфицирленген заттар,
кілегей
қабаттары
(науқас
адамдар
мен
вирус
тасымалдаушылармен жыныстық қатынаста болу, сүйісу), ауа-
тамшылы жолдар
арқылы беріледі.
Иммунитет
төмен
жағдайларда инкубациялық кезеңі бірнеше күннен 2-3 аптаға
дейін созылады.