Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


АИВ-инфекциясының диагностикасы



Pdf көрінісі
бет376/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

АИВ-инфекциясының диагностикасы 
АИВ-ға тексеру күдікті клиникалық белгілері бар науқастарға 
және қауіпті топқа жататын адамдарға жасалуы тиіс. 
АИВ-инфекциясының диагностикасы АИВ-1-ге антиденелерді 
қан сарысуында иммуноферментті анализ арқылы (ИФА) арнайы 
мекемелерде анықтау арқылы жасалады. Скринингтік ИФА-ның 
оң мәңді болса, арнайы тест жасалуы тиіс, мәселен вестерн-
иммуноблоттинг (ВБ). АИВ-ға антиденелер 95% науқаста ауру 
жұққаннан 3 айға дейін анықталады. Болжамды жұғу мерзімінен 6 
айға дейінгі уақыт аралығында теріс нәтиже инфекцияны жоққа 
шығармайды. 
АИВ-2 эпидемиялық таралған елдерден келген немесе сол 
елдің тұрғындарымен жыныстық қатынаста болғандарды АИВ-2-
ге тексереді. 


Емі.
АИВ-инфекциялар күрделі мәселе болып табылады және 
оның емі тек арнайы мекемелерде жүргізіледі. Антиретровирусты 
препараттардың комбинациясы жекелеп таңдалады, мұнда 
науқастың жалпы жағдайын, хелпер-лимфоциттердің санын 
(CD4+), қосалқы ауруларды және т.б. ескереді. Вирусқа қарсы 
қосарланған емді бір емес, үш немесе одан да көп препараттармен 
жүргізеді (тимазид, хивид, видекс, вирасепт және т.б.), вирустың 
төзімділігіне байланысты оларды әр түрлі комбинацияда береді. 
Қазіргі фармакологиялық препараттардың әсері АИВ-ның кейбір 
ферменттерін 
ингибициясына 
негізделген 
(транскриптаза, 
протеазалар және т.б.), бұл олардың көбеюін тежейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет