Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет40/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Рецепторлық қызметі
.
Тері ағзаны түрлі қолайсыз 
әсерлерден қорғап қана қоймай мультифакторлы анализатор 
қызметін де атқарады. Себебі, теріде кең көлемде рецепторлық 
алаң бар. Терінің рецепторлық қызметі көптеген түрлі сезімтал 
нерв ұштары мен барлық тері беткейінде әркелкі орналасқан 
сенсорлық денешіктердің көмегімен атқарылады. Терінің 
тактильді, ауырсыну және температуралық сезімталдығы болады. 
Тактильді сезімталдық саусақ ұштарында, ірі тері қатпарларында 
және тілдің кілегей қабығында көбірек болады. Мұндай 
сезімталдық заттың қаттылығын, жұмсақтығын және одан да 
басқа заттардың консистенциясын сезіндіреді. Терідегі салқын 
мен ыстықты сезінетін нерв ұштары әрқалай орналасқан, 
сондықтан ыстық пен салқынды сезіну терінің әр бөлігінде 
әрқалай. 
Ауыздың кілегей қабығы да жылыны, салқынды, ауырсынуды, 
жанасуды сезінетін түрлі нерв ұштарына бай. Бирақ терімен 
салыстырғанда барлық тітіркендіргіштің сәл әсерінің өзіне айқын 
жауап береді.
Терінің рецепторлық аймағы орталық және вегетативті нерв 
жүйесімен әрдайым өзара әсерлесіп, дермонейротропты және 
дермовисцеральді байланыстарға қатынасады. Тері әрдайым 
сыртқы ортадан, ОНЖ-нен, ішкі ағзалардан келіп түскен 
тітіркенгіштерге жауап береді. Сондықтан, теріде пайда болған 
әрбір өзгеріс эндокриндік және иммундық жүйе, ОНЖ, ішкі 
ағзалардың органикалық және функциялық бұзылысының белгісі 
болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет