Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет444/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рис. 151. Туа болған 
мерездегі гепатомегалия


процесс талақта да жүреді, яғни талақ ұлғайып, периспленит 
дамып, 
оның 
беті 
тегіс 
емес, 
кедір-бұдыр 
шеттері 
пальпацияланады. 
Өкпеде 
интерстициальды 
диффузды 
пневмония көріністері байқалып, ол нәрестенің туылғаннан кейін 
өлуіне алып келеді. Мұндай балаларда ентікпе, еріннің және тері 
жамылғысының цианозы болады. Жүрек-қан тамыр жүйесі 
зақымдалғанда миокардит, эндокардит, перикардит, сонымен 
қатар жүрек қақпақтары мен артериялар, веналар зақымдалады. 
Нефрозды нефрит дамығында зәрде белок, цилиндрлер,
эпителийлер, эритроциттер анықталып, ісіну болады. Қанда 
анемия, нейтрофильды лейкоцитоз болады. Патологиялық 
процесске қалқанша маңы безі, ұйқы безі, жыныс бездері, 
гипофиз, бүйрекүсті бездері де қатысады. Осы мүшелердің 
дисфункциясынан кейін балалардың дамуындағы мүкістіктерге 
байланысты, мүшелердің дистрофиялық өзгерістерінің негізінде 
немесе патологоанатомиялық түрде кеш диагностикалайды. 
Салыстырмалы түрде аталық бездері зақымдалып, олар тығыз, 
көлемі ұлғайған, тегіс, кейде аталық бездің шемені болуы мүмкін. 
Өте жиі шап, шынтақ, мойын және тағы басқа топ лимфа 
түйіндерінің полисклероадениті болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет