ІІ БӨЛІМ
2. ТЕРІ АУРУЛАРЫ
2.1. ТЕРІНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ
2.1.1.
Т
ЕРІНІҢ БАКТЕРИАЛЬДЫ ИНФЕКЦИЯЛАРЫ
(
ПИОДЕРМИЯЛАР
)
Терінің іріңді аурулары немесе пиодермиттер (грекше,
pyon
–
ірің), кездесу жиілігі бойынша барлық басқа дерматоздардың
арасында бірінші орынға ие. Өте жиі жұмысқа жарамсыздықтың
себебі болып табылады. Негізінен барлық адамдарда жиі
кездеседі, бірақ салыстырмалы түрде құрылыс, металлургиялық,
тау-кен өндірісі, көлікте және т.б. жұмыс жасайтындарда жиірек
кездесіп, оларда кәсіби ауру болып табылады. Бұл тұрғыдан
алғанда іріңді аурулармен күресу мемлекеттік маңызға ие және
әлеуметтік мәселе ретінде де қарастырылады. Ыссы елдерде
пиодермия жыл бойына байқалады, тері микозынан кейін екінші
орын алады.
Этиологиясы.
Пиодермиттердің қоздырғышы болып жиі
стафилококктар (80-90%) мен стрептококктар (10-15%) саналады.
Соңғы кезде екі қоздырғыштар да бірге кездесуі бірдей байқалуы
жиі кездеседі. Терінің іріңді қабынуын көк-ірің таяқша, тұрпайы
протей,
ішек
таяқшасы,
саңырауқұлақ,
пневмококктар,
гонококктар, басқа да микроағзалар туғызуы мүмкін. Бұл
аурулардың жиі кездесуі стафилококктар мен стрептококктардың
қоршаған ортада (киім, тұрғын үй, мекемелер, көше шаңында),
науқас адам терісі мен кілегейінде, тіпті сау адам терісінде де
көптеп кездесуі, белгілі жағдайларда тері беткейінде патогенді
емес түрлерінің патогендіге ауысу мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Стафилококктар әрдайым сау адамның терісінде табылады.
Соның ішінде 10%-ы ғана патогенді болып табылады.
Стафилодермиямен ауыратын немесе бұрын ауырған адамдарда
бұл пайыз 90-ға дейін жетеді. Стрептококктар сау адамның
терісінде аз мөлшерде табылады (6-10%-ға дейін). Олар негізінен
тері қатпарлары аймағында орналасады.
|