Себепті-
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер: Кәне,кәне, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ енді шеңберге, Алақанды ұрайық Аспан түрді түндігін Жерге сәуле жайылды Неткен ашық күн бүгін Қайырлы таң, балалар!
|
Балалар шеңберге тұрып, өлең сөздерін қимылмен көрсетеді.
|
Ұйымдастыру-
ізденушілік
|
Әңгімелесу:Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі неше айдан тұрады? Кім атап береді? Қазір қай ай? Бүгін аптаның қай күні?
Ендеше, бүгін қандай мереке? Тақпақ:Көкке ұшамын, Ұшқыш болар баламын. Соңынан ерем, Ер ғарышкер ағаның.
Өлең шумағы не туралы айтылған?
Жұмбақ жасыру:
Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз. ( )
Суретпен жұмыс:
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың суретін көрсету.
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуені ойнайды. Көз алдарына аспан әлемін елестету.
Слайд көрсету
Д/ойын: « Кім жылдам?»
-Т. Молдағалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңін балаларға жаттату. Айналады бір сенен, Есіміңді білсе әлем. Ғарышқа ұшқан қазақтың, Тұңғышына бір сәлем! Қабанбайдың ұланы, Бөгенбайдың қыраны. Айтылатын мәңгілік, Қазағымның жыр – әні.
Өлең шумағы кімге арнаған?
Онда ұшқыш туралы кім тақпақ айтып береді?
Айлим:Самғап ұшуаспанда Қауіпті де қатал да Ерлігі елдің асқандаОл ғарышкер атанды.
Нұрайлым: Арман қуып жасымнан Көктен көзін алмаған Ұшқыш болды жас ұлан Аспанда еркін самғаған
Сергіту сәті: Біз ұшамыз, ұшамыз, Бар әлемді құшамыз. Әрбір ел мен қалаға, Қуаныш, бақыт сыйлаймыз.
Дид. ойын: «Зымыранды құрастыру»
|
Көктем мегзілі
Үш айдан тұрады
Наурыз, сәуір, мамыр Сәуір айы Бүгін аптаның сейсенбі күні Ғарышкерлер мерекесі
Ұшқыш туралы
Жұмбақтың жауабы зымыран
Суретті қарастырып, әңгімелеседі.
Денелерін еркін ұстап, терең тыныстайды.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Тоқтар Әубәкіровке
Арайлым:Қанаттылар мекені Қазақ жері, Байқоңыр Қай жер саған жетеді Ғажап жерім, Байқоңыр!
Қимыл- қозғалыспен өлең сөздерін қайталайды. Бойларын сергітеді.
|
Рефлекциялық-
айқындағыш.
|
-Қазақ халқынан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты кім?
-Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек? -Өскеде ғаршкер болғың келе ме?
|
Әр бала жеке-жеке өз ойларын білдіреді.
|