БЕКІТЕМІН КЕЛІСІЛДІ:
Мектеп директоры: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
___________Б.Е.Утешова __________Ы.Н.Тулегенова
«_____» ________2023 ж «_____»___________2023 ж
№ 1 Қандыағаш қалалық ЖББОМ.КММ.
2023-2024 оқу жылына арналған
5 «Б» сыныбының
тәрбие жұмысының жоспары
Сынып жетекшісі:Куанжанова Ж.А.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысында басшылыққа алатын нормативті
құжаттар
1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы; https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011 жыл;
4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8тамыздағы Заңы;
5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018жылғы 02шілдедегі № 169-VI Заңы;
7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі Заңы;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018жылғы 1қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру»жобасы
МАҚСАТЫ:
-Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу
-Уақыт жаңалықтарына бейімделе алатын,өзара жағымды қарым-қатынас орнаған сынып ұжымын қалыптастыру;
-тұлғаны зерделеу және үйрету арқылы өз ортасын сыйлайтын,жақсы көретін тұлға дайындау;
- ұлттық болмысты ұғына білетін,ұлттық қасиеттерді бойына жинақтай алған өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету;
- азаматтық белсенділік, құзыреттілікті қалыптастыру; сыни ойлау, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету;
-азамат-патриоттың егемен тұлғасын қалыптастыру, экологиялық білім беру
Міндеттері:
Ата ананың өсиетін тыңдауға,отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін,мемелекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келсім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға отаншылдық пен мемелекетшілдікке тәрбиелеу.
Жақсылыққа игілікке бой түзеуге абыройлы болуға ар ұждан намыс,жауапкершілік мейірімділік қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыруДенсаулықты қадірлеуге,салауатты өмір салтын ұстануға ойдың тазалығын және эмоцияионалды тұрақтылыққа баулу
Табиғатқа,табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу
Достарыңызбен бөлісу: |