«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығы


Б» корпусының лауазымына үміткерлердің



бет24/38
Дата09.06.2020
өлшемі499 Kb.
#63290
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
4. Б» корпусының лауазымына үміткерлердің

жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі


  1. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.

  2. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін 20 минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.

Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамлар жіберілмейді.

  1. Осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 20-тармағының бірінші абзацында белгіленген уақытта келмеген адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.

  2. «Б» корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.

  3. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі.

«Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.

  1. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат алған адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге қатысуға жіберіледі.

Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге қатысу үшін, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамлар тестілеу күнінен бір күнтізбелік күн бұрын «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну жолымен осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті тапсырады.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, «Б» корпусының лауазымына үміткер оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады

Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамлар тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.

Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет