«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығы



бет1/38
Дата09.06.2020
өлшемі499 Kb.
#63290
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі тура­лы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы­ның 5-бабы 2-тармағының 2), 5), 11) тармақшаларына, 17-бабы­ның 4-тармағына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.


Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

министрі Т. Донақов

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

министрінің

2015 жылғы
29 желтоқсандағы

№ 12 бұйрығына

1-қосымша
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет