Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

 
ӘСІП 
Қойдың ішегі айналдырылып, мұқият жуылады. Кесектеп туралған 
қойдың, жұмсақ еті, жүрек, өкпе, бауыр — еттартқышпен тартылып, ұсақтап 
туралған құйрық, пияз, бөрттірілген күріш, тұз, қара бұрыш қосылады да, бәрі 
жақсылап орналастырылады. Үстіне су құйылады. Содан соң, ішеккке әлгі 
дайындалған фарш тығылады да, екі жағынан жіппен байланады. 
Қайнап жатқан суға салынып, 50—60 минут пісіріледі. Қойдың ішегі 
болмаса тауықтың немесе күркетауықтын, үйректің, қаздың мойын терісін 
пайдалануға болады. 
ӘСІП /ІІ түрі/ 
Алдын ала суға салынып қойылған ет, іш май, бауыр, ұсақтап 
туралады да қуырылған құрғақ ұнмен араластырылады, тұздалып 
бұрышталады. Осы қоспа тоқ ішекке тығылады да, ішектің екі, 
ұшына ағаш істік түйреледі. Сөйтіп дайын әсіп су құйылған қазанға 
салынып асылады. Асу үстінде мезгіл- мезгіл аударыстырылып, ағаш істікпен 
әр жерінен піспектеп отыру керек. 
Піскен соң, сақиналап туралады да жайпақ ыдысқа салынып
дастарқанға әкелінеді. Бір шетіне сақиналап туралған пияз салы-нып, бетіне 
ашкөк себіледі. Дастарқанға салқын күйінде де әкелуге болады. 
ҚАЗАҚША ЕТ 
Қазақша ет асу үшін көбіне жас ет пен жылқының. сүр еті және 
жылқының басқа да мүшелері, әсіресе, қазы мен қарта аралас пайдаланылады. 
Жас ет бөлек, жылқының сүр еті мен қазы, қарта бөлек ыдысқа 
салынады. Өйткені жас еттің сорпасы қамыр илеуге пайдаланылады. Сондай-
ақ тұздық жасауға да болады. Ал сүр еттің , сорпасы мұндай мақсатқа 
пайдалануға жарамайды. Піскен ет қазаннан сүзіп алынып, суытылып 
қойылады. Суығаннан соң, жа-пырақтап туралады. 
Ет пісіп жатқанда қамыр иленеді. Ол үшін әлгінде айтқан суыған майлы 
сорпа, 200 г сорпаға шаққанда бір жұмыртқа пайдаланылады. Қамыр онша 
қатты етіліп иленбейді. Дайын қамыр жайылады.
Сонымен бірге етке тұздық дайындалады. Ол үшін пияз, қара бұрыш, тұз 
керек. Пияз сақиналап, жұқа етіп туралады. Ол бөлек ыдысқа салынып, қара 
бүрыпшен араластырылады да, үстіне ыс-тық та майлы сорпа құйылып, 
татымына қарай тұз салынады. 
Жайылған қамыр төртбұрыштап кесіледі де, жас еттің қайнап тұрған 
сорпасына салынып, пісіріледі. Содан соң, қамыры сүзгімен сүзіп алынып, 
табаққа салынады. Оның үстіне тұралған ет, қазы, қарын салынып, үстінен 
тұздық құйылады. 


40 
Етті мүше-мүшесімен әкеліп, бірден дастарқан басында турауға, 
тұздықты содан кейін құюға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет