Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

Сақын тағамдарына
. Ашыған капуста мен сарымсақ, шалқан
мен дәмделген алма. 
Сұйық тағамдарға
. Ашытылған капустамен саңырауқұлақ, тауық
етімен рассольник, табадағы Москва солянкасы. 
Екінші тағамға.
Балық еті мен доңыз майына қуырылған картоп
пен бұқтырылған балық. 
Шырындары
. Алма шырыны мен бал шырыны. 
Орыстан вегатариандық сорпасы 
 
Кастрюльге аздап май салып, оған пияз бен сәбіз, тарна, петрушка 
мен балдыркөкті турап қуырасыз да түйір қара бұрыш, лавр жапырағын, 
помидор қосып тағы қуырасыз. Ыдыстың қақпағын жауып, бұқтырып қоясыз. 
Ыдыстың қақпағын жауып, бұқтырып қоясыз. Біраздан соң қайнаған су құйып, 
тұздап, бір қайнатасыз да, тазалап жуылған тары жармасын салып пісіресіз. 5-
8 минуттан соң туралған картоп салып, тағы да 15-20 минут қайнатасыз. 
Дайын болған соң тұздап, тарелкаларға құйып, қаймақ қосып, майда туралған 
аскөк пен көк жуа себелеп, дастарқанға әкеулеге болады. 
Сорпаға – 300 г помидор, 2,5-3 литр су, 100-120 г тары жармасы, 1 кг 
картоп, 2 пияз, 1-2 сәбіз бен тарна, 1 петрушка, 1 балдыркөк, 50 г сары май, 
100 г қаймақ, бұрыш, аскөк, лавр жапырағы, көк жуа мен тұз қалауыңызша. 
Ленинград рассольнигі 


45 
Бұл рассольникті ет, балық, сондай –ақ кептірілген немесе жас 
саңырауқұлақ сорпасына да пісіреді.
Іріктеліп жуылған арпа жармасын кастрюльге салып, үстінен қайнаған 
су немесе сорпа құясыз да ыдыстың қақпағын жауып, бәсең отта бұқтырып 
пісіресіз. Картопты түйірлеп турайсыз. Тамырө сабақтар мен пиязды турап, 
майға қуярыр қоясыз. Тұздалған қиярды ұзыннан тіліктеп кесіп, тұқымын 
алып тастап, көлденеңінен ірірек етіп турайсыз. 
Қайнап жатқан сорпаға бұқтырылған арпа жармасын салып 30-40 
минуттай пісіресіз. Рассольник дайын болардан 15-20 минуттай бұрын 
қуырылған тамыр-сабақтар, картоп, сонан соң қияр, лавр жапырағын, бұрыш 
саласыз. Ең соңынан қайнатылған қияр сөлін /рассол/ құйып дәмдейсіз. 
Дастарқанға қаймақ пен көктер қосып әкелесіз. 
Рассольникке – 500 г картоп, 300 г тұздалған қияр, 150 г г арпа жармасы, 
1-2 сәбіз , бір-бір байламнан, петрушка мен сеппе пияз, 1 түйір пияз, 50 г 
маргарин, 50 г қаймақ, туралған көктер, тұз бен бұрыш қалауыңызша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет