Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы



бет10/44
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#198705
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
Á. Ìà?ç?ìîâ Ì?ò³í ëèíãâèñòèêàñû

Бейнелік когезияның ерекшелігі автордың заттар мен ақиқат құбылыстарын емес, солардың бейнелерін ұқсастыруында.
Таза лингвистикалық тұрғыда бейнелілік әлдебір абстракты ұғымды нақты заттардың, құбылыстардың, ақиқат үдерістерінің атауында және керісінше, әлдебір нақты заттарды немесе ұғымдарды абстрактылы немесе басқа нақты ұғымдардың атауында жаңғыртудың тілдік құралы. Осылайша хабарды қосарлы қабылдауға қол жеткізіледі, онда контекстке қарай біреуі басым болғанмен екіншісі шеттетіліп қалмайды.
Әдебиет кейіпкерінің бейнесін тілдік бейнемен барабар етуге болмайды. Абстракциялау фактісі оларға ортақ. Алайда нақтыны абстракцияға, сол сияқты абстракцияны нақтылыққа айналдыру тәсілдері, түрлері мен құралдары бір-бірінен мүлде өзгеше.
Бейне – ақиқатты нақты, дара құбылыс түрінде көркем жинақтап қабылдау формасы. Қабылдау қосарлығы – бейнені эксплицитті және имплицитті дамытуға тән ерекшелік болып табылады. Абстрактылық пен нақтылық бейнеде қатар жүреді.
Барлық бейнелер бір ортақ оймен байланысты. Көркем шығарманың барлық элементтерінің өзара байланысы мен өзара шарттылығы оның бейнелік жүйесін құрайды. Онда кейіпкерлер бейнесі басты орында. Автордың немесе кейіпкердің эмоциялық-психологиялық жай-күйін жеткізу функциясына ие болғанда пейзаж көркем бейнеге айналады. Пейзаж өнерде бір-біріне қарсы екі функцияға ие, ол кейіпкердің табиғатпен үйлесімділігін немесе олардың антагонизмін танытады.
Нақты фон функциясын зат бейнелері – жағдай, төңіректі заттар да атқара алады. Кейіпкер бейнесіне бағынышты зат бейнесінің басты функциясы – кейіпкерді нақтыландыру, дараландыру.
Адамдардың табиғатты қабылдауында әлдебір ортақтық бар, мысалы, көлеңкелі тоғай суретін көргенде тыныштықты сезінгендей боламыз. Киген кіиімі, ұстаған заттарына қарап, кісінің талғамын, мінезін білгендейміз.
Кейіпкерлердің, табиғаттың, заттың бейнесі контекст шеңберінде шоғырланған сөздік бейнелердің негізінде біртіндеп жасақталады.
Дегенмен мәтіндегі бейнелік когезияның сипатын ақиқаттың бейнелік суретінің формаларын тыңғылықты талдаудың көмегімен ғана көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет