C) АТФ қорын жинақтау
D) уытты заттарды ыдырату
E) нәруыздарды синтездеу
5. Жасушада синтезделген органикалық заттардың Гольджи жиынтығына түсуін қамтамасыз етеді
A) рибосомалар
B) аралық филаменттер
C) центросомалар
D) микрофиламенттер
E) ЭПТ түтікшелері
&&&
Биологиялық эволюцияның бағыттары
Эволюцияның негізгі бағыттары: ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация.
Ароморфоз - әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейі мен атқаратын қызметін күрделендіре түсетін, тіршілік қабілетін арттыратын жалпы маңызы бар бейімділік.
Идиоадаптация – организм органдарының құрылысы мен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайы ерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі.
Дегенерация - түрлердің құрылымдық деңгейінің қарапайымдала түсуі.
1. Организмдердің жоғары сатыға көтерілуіндегі эволюцияның негізгі бағыты
A) идиоадаптация
B) конвергенция
C) дивергенция
D) ароморфоз
E) параллелизм
2. Дегенерация
A) мутациялық өзгергіштіктің пайда болуы
B) ағзалардың мүшелерінің күрделенуі
C) ағзалардың сыртқы ортаға бейімделуі
D) ағзалардың жоғарғы сатыға көтерілуі
E) ағзалардың мүшелерінің қарапайымдалуы
3. Көртышқанның топырақ астында тіршілік етуіне байланысты сыртқы ортаға бейімделуі
A) құйрықтарының қысқаруы
B) дене мөлшерлерінің кішірейуі
C) көздерінің терілі қабатпен қапталуы
D) аяқтарының жалпақ табанды болуы
E) терілі түктерінің қалыңдауы
4. Сиыр цепенінің дене құрылысының дегенерацияға ұшырау себебі
A) көздерінің жетілмей қалуы
B) бауырында сорғыштарының болуы
C) паразиттік тіршілік етуі
D) денесінің буылтықтарға бөлінуі
E) денесінің жалпақ болуы
5. Су жануарларының біртіндеп құрлыққа бейімделе бастауындағы ең басты ароморфоз
A) көз құрылысының күрделенуі
B) сүт бездерінің өсуі
C) терілі қабаттың қалыңдауы
Достарыңызбен бөлісу: |