Б.С.МАЙҚАНОВ Ю.А.БАЛДЖИ
Б.Ж.АЙТҚОЖИНА
С
С
О
О
Т
Т
Т
Т
Ы
Ы
Қ
Қ
В
В
Е
Е
Т
Т
Е
Е
Р
Р
И
И
Н
Н
А
А
Р
Р
И
И
Я
Я
Л
Л
Ы
Ы
Қ
Қ
-
-
С
С
А
А
Н
Н
И
И
Т
Т
А
А
Р
Р
И
И
Я
Я
Л
Л
Ы
Ы
Қ
Қ
С
С
А
А
Р
Р
А
А
П
П
Т
Т
А
А
У
У
2
Б.С.МАЙҚАНОВ Ю.А.БАЛДЖИ
Б.Ж.АЙТҚОЖИНА
С
С
О
О
Т
Т
Т
Т
Ы
Ы
Қ
Қ
В
В
Е
Е
Т
Т
Е
Е
Р
Р
И
И
Н
Н
А
А
Р
Р
И
И
Я
Я
Л
Л
Ы
Ы
Қ
Қ
-
-
С
С
А
А
Н
Н
И
И
Т
Т
А
А
Р
Р
И
И
Я
Я
Л
Л
Ы
Ы
Қ
Қ
С
С
А
А
Р
Р
А
А
П
П
Т
Т
А
А
У
У
Оқулық
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен
жоғарғы оқу орнының студенттеріне оқулық ретінде ұсынылған.
Астана -2017
3
ӘӨЖ: 340.6 (075)
М 14
Пікір бергендер:
Дюсембаев С.Т. - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
университетінің ветеринария ғылымдарының докторы, профессор
Нұрғалиев
Б.Е.
-
Жәңгір
хан
атындағы
БҚАТУ-дың
«Эпизоотология,
паразитология
және
ветеринарлық-санитарлық
сараптау» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының
кандидаты, доцент м.а.
Терлікбаев А.А.-С.Сейфуллин ат.ҚАТУ Ветеринарлық медицина
кафедрасының ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент.
М 14 Б.С. Майқанов, Ю.А. Балджи, Б.Ж.Айтқожина
Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау, 2017 ж., 249 б.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
Ғылыми кеңесінің отырысында қарастырылды «29»10.2015ж. № 5
хаттама
Оқулықта соттық-ветеринариялық сараптаудың жалпы ережелері,
әр түрлі ауруларда сараптама жүргізу, еттің, сүттің, балдың және т.б.
мал шаруашылығы өнімдерінің жалғандылығын анықтау тәсілдері,
жануар ұшасы бойынша жынысын және жасын анықтау әдістері жөнінде
мағлұматтар берілген. Қазақстан Республикасының соттық сараптамасы
бойынша Заңнамаға сілтемелер жасалды.
Оқулық ауылшаруашылық оқу орындарында биологиялық
мамандықтарда оқитын студенттерге, сонымен қатар соттық сараптама
орталықтарының қызметкерлеріне арналған.
ББК 48.1 я 73
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет, 2017
ж.
4
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………...……………………………………………………... 7
Қысқаша тарихи мәлімет ........................................................................ 9
1 ТАРАУ. СОТ САРАПТАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕР.................................................................................................
14
1.1 Сараптама және оның істі қараудағы маңызы ................................... 14
1.2 Сараптаманы тағайындау...................................................................... 16
1.3 Сарапшыны таңдау .............................................................................. 19
1.4 Соттық-ветеринариялық сарапшының (маманның) құқығы мен
міндеттері ...................................................................................................
21
1.4.1 Сарапшының өз тарапынан бастамалар беруге құқығы................. 24
1.4.2 Сарапшының орындаған жұмыстарына сыйақы алуы.................... 25
1.5 Сарапшыға наразылық білдіру............................................................. 26
1.6 Сарапшының қорытындысы................................................................. 27
1.7 Сарапшының жауапкершілігі............................................................... 28
2 ТАРАУ. СОТТЫҚ-ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САРАПТАУДЫҢ
ТҮРЛЕРІ .....................................................................................................
30
2.1 Кешенді сараптау................................................................................... 31
2.2 Сот мәжілісіндегі сараптама................................................................. 32
2.3 Азаматтық-іс бойынша сараптама ...................................................... 32
2.4 Соттық -іс материалдары бойынша сараптау..................................... 33
2.5 Айғақтық заттардың сараптамасы....................................................... 38
2.5.1 Негізгі талаптар.................................................................................. 38
2.5.2 Қылдың (түктің) соттық сараптамасы.............................................. 41
2.5.3 Қауырсынды соттық сараптау........................................................... 53
2.5.4 Балық қабыршағын соттық сараптау ............................................... 60
2.5.5 Мал өлексесін соттық сараптау......................................................... 69
2.5.6 Эксгумирленген өлексені соттық сараптау..................................... 86
3 ТАРАУ. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҮШІН МАТЕРИАЛ-
ДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖӨНЕЛТУ................................................
88
3.1 Химиялық зерттеулер............................................................................ 88
3.2 Бактериологиялық зерттеулер.............................................................. 90
3.3 Гистологиялық зерттеулер.................................................................... 91
4 ЖАНУАРЛАРДЫҢ АУРУЛАРЫ МЕН ӨЛІМІН СОТТЫҚ
САРАПТАУ ................................................................................................
93
4.1 Механикалық зақымдануларды сараптау............................................ 93
4.2 Жануардың асфиксиядан өлімін және жарақаттарды сараптау...... 106
4.3 Кенеттен өлу оқиғаларының сипаттамасы ......................................... 113
4.4 Жануарларды дұрыс пайдаланбаудан болған ауруды және өлімді
сараптау........................................................................................................
119
4.5 Жануарларды бағып-күтудегі зоогигиеналық талаптарының
бұзылуын сараптау .....................................................................................
121
4.6 Шеткі температураның ауытқуынан туатын ауруларды сараптау... 123
5
4.6.1 Күн өту және ыстық өту .................................................................... 123
4.6.2 Күйік және пісіп қалу......................................................................... 125
4.6.3 Үсу және қату ..................................................................................... 126
5
ТАРАУ.
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АУРУЛАРМЕН
КҮРЕСУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӨНІНДЕ
СОТТЫҚ-ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ
САРАПТАУ ................................................................................................
130
5.1 Карантиндік іс-шараларын бұзу........................................................... 130
5.2 Жануарларды тасымалдау кезіндегі бұзушылықтар ......................... 134
5.3 Адамдар арқылы инфекцияның таралуы ........................................... 138
6 ТАРАУ. СОТТЫҚ ТОКСИКОЛОГИЯ ............................................. 140
6.1 У туралы түсінік .................................................................................... 140
6.2 Улануды соттық-ветеринариялық анықтау......................................... 141
6.3 Мал ағзасына удың түсуі, әсері және шығу жолдары........................ 142
6.4 Уланудың клиникалық көріністері және улану кезіндегі пато-
логоанатомиялық өзгерістер ......................................................................
143
6.5 Соттық- химиялық зерттеу................................................................... 144
6.6 Уланудың жекелеген түрлері .............................................................. 144
7 ТАРАУ. МАЛДАРДЫ АЛЫП-САТУ БАРЫСЫНДА ТУЫН-
ДАҒАН ДАУЛАРҒА СОТТЫҚ САРАПТАМА...................................
155
7.1 Малдарды алып-сатудың құқықтық нормалары................................. 155
7.2 Малды сатып алғаннан кейін анықталған инфекциялық және
инвазиялық ауруларға сараптама ..............................................................
156
7.2.1 Инкубациялық кезең қайтару мерзімінің дәлелі ретінде............... 156
7.2.2 Кейбір аурулардағы макроскопиялық өзгерістердің мерзімі ........ 157
7.3 Малды сатып алғаннан кейін анықталған инфекциялық емес ауру-
ларға сараптама ...........................................................................................
159
8 ТАРАУ. ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СОТТЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ...............................................................................
161
8.1 Қате кәсіби әрекеттер үшін жауапкершілік........................................ 162
8.2 Өз қызметін басқа біреуге сеніп тапсыру кезіндегі жауапкершілік. 165
8.3 Хирургиялық операция жасау кезіндегі жауапкершілік.................... 166
8.4 Акушерлік көмек көрсету кезіндегі жауапкершілік........................... 168
8.4.1 Ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің жасын анықтау............. 170
8.4.2 Туу аяқталған сәттен бастап мерзімді анықтау ............................. 170
8.5 Клиникалық зерттеулер кезінде жануарлар мүшелерінің
зақымдануы үшін жауапкершілік .............................................................
171
8.6 Емдеу кезіндегі асқынулар үшін жауапкершілік .............................. 173
8.7 Жұқпалы ауруларға қарсы алдын - алу және емдік іс шаралар
жүргізгендегі жауапкершілігі ..................................................................
175
8.8 Уақтылы көмек көрсетпегені үшін жауапкершілік ........................... 178
8.9 Ит және мысық ұстау тәртібін бұзуға қатысты жауапкершілік ....... 179
9 ТАРАУ. ӘР ТҮРЛІ МАЛ ЕТІН ЖӘНЕ ЖАЛҒАНДЫЛЫҒЫН
АНЫҚТАУ .................................................................................................
181
9.1 Әр түрлі мал етін органолептикалық көрсеткіштері арқылы
6
анықтау......................................................................................................... 181
9.2 Қаңқа сүйектері құрылысының анатомиялық ерекшеліктері
бойынша еттің түрін анықтау ....................................................................
183
9.3 Мүшелердің анатомиялық құрылыстары бойынша әр түрлі
малдың етін анықтау ................................................................................
194
9.4 Әртүрлі мал етін анықтаудың зертханалық әдістері ......................... 197
9.5 Жоғары сұрыпты етті төменгі сұрыпты етпен ауыстыруды
анықтау.........................................................................................................
204
10
ТАРАУ. МАЛДЫҢ СОЙЫС ӨНІМДЕРІ АРҚЫЛЫ
ЖЫНЫСЫН АНЫҚТАУ .......................................................................
212
10.1 Ет ұшасындағы жыныс белгілері....................................................... 212
10.2 Малдың жынысын анықтау тәсілдері................................................ 214
10.3 Малдың еті арқылы жасын анықтау ................................................ 216
11 ТАРАУ. АУРУ, ЖАНТАЛАСЫП НЕМЕСЕ ЛАЖСЫЗДАН
СОЙЫЛҒАН МАЛДЫҢ ЕТІН АНЫҚТАУ ........................................
218
11.1 Органолептикалық зерттеу әдістері................................................... 218
11.2 Зертханалық зерттеу әдістері.............................................................. 220
12 ТАРАУ. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖАЛҒАНДЫЛЫ-
ҒЫН АНЫҚТАУ ......................................................................................
223
12.1 Жалғандылық түрлері.......................................................................... 223
12.2 Сүт және сүт өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар............... 226
13 ТАРАУ. БАЛДАҒЫ ЖАЛҒАНДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ............. 232
13.1 Бал сапасын органолептикалық әдістермен анықтау....................... 233
13.2 Балдың зертханалық зерттеу тәсілдері ............................................. 234
14 ТАРАУ. ЖҰМЫРТҚАНЫҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ЖАЛҒАН-
ДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ .........................................................................
241
14.1 Тағамдық жұмыртқаларға қойылатын техникалық шарттар ......... 241
14.2 Жұмыртқа, адам және жануарлардың инфекциялық аурулардың
көзі ретінде...................................................................................................
245
14.3 Тағамдық жұмыртқа ақаулары .......................................................... 246
14.4 Тағамдық жұмыртқалар жалғандылығы және анықтау................... 247
Қолданылған әдебиеттер ...................................…..……….................... 250
7
КІРІСПЕ
Соттық ветеринарлық медицина немесе соттық-ветеринариялық
сараптама – адам құқығы мен жануарлар әлемін қорғауға бағытталған,
нақтылы құқықтық (заңгерлік) және ветеринариялық медицина,
биология және жануарлар патологиясы саласындағы арнайы ғылыми,
ғылыми-қолданбалы білімді біріктіретін кешенді (жинақтаушы) ғылым.
Оның мақсаты–ветеринариялық білімді құқықтық, тергеу және
соттық заңгерлік тәжірибеде туындайтын әлеуметтік мәселелерді шешу
үшін қолдану болып табылады.
Прокуратура, сот, тергеу органдары соттық істі қарастыру үшін
келесі сұрақтар туындағанда, ветеринариялық медицинаға қатысты
ғылым кешені болса, яғни жануарлар патологиясын және биологиясын
зерттеу керек болғанда, адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау
және алдын-алу әдістері, жануар денсаулығын сақтау тәсілдері және т.б.
жағдайда сарапшы ретінде ветеринарлық дәрігерлерді қатыстыруға
құқығы бар.
Ветеринарлық дәрігерлер арнайы ветеринарлық сараптаманы тек
тергеу және сот органдарының қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық,
азаматтық және азаматтық-процессуалдық кодекстарға сәйкес қаулы
бойынша ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік арбитраж ретінде
мемлекеттік және жеке меншік мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар,
жекелеген тұлғалар арасында негізінен өсімдік және жануар текті
шикізат пен өнімдерді, жануарларды алып-сату кезінде мүлік таласын
шешу үшін жүргізеді.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын реформалау
жүйесі, қылмыстық қудалау органдарынан соттық сараптау қызметін
алып тастау тәуелсіз соттық-сараптау жүйесінің қалыптасуына әкелді.
Процессуалдық дәлелдеу үшін ғылыми-техникалық деңгейді
жоғарылату, сонымен қатар әрі қарай дамуын қамтамасыз ету
мақсатында соттық-сараптау қызметін тұрақтандыру және нығайту үшін
бірнеше шаралар тізімі қажеттілігі туындады.
Сот сараптамасы қызметін дамыту және оны жүзеге асыру үшін
сарапшылардың тәуелсіздігін, сараптама зерттеулерінің әдістемелік
және ұйымдастырушылық біріңғайлығы, мамандардың біліктілігін және
тұлғалардың қызметін бақылау, соттық-сараптау соның ішінде соттық-
ветеринарлық қызметтің, соттық сараптаманы орындайтын өндірістің,
тұрақтылығы және қаржылық, әлеуметтік және материалдық-
8
техникалық деңгейінің жоғарлауына Қазақстан Республикасының «Сот
сараптамасы туралы» заңы үлкен үлесін қосты.
Нәтижесінде, бүгінгі таңда сот сараптамасы қызметін қамтамасыз
ету мақсатында ғылыми, әдістемелік, кадрлық және материалдық –
техникалық жүйесі жақсы дамыған. Мемлекеттік соттық сараптама
орталықтары құрылды, онда ветеринарлық мамандар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасында соттық-сараптау жүйесінің қылмыстық
қудалау органдарынан тәуелсіздігін жетілдіру мақсатында Үкімет
соттық-сараптау
жүйесінің
даму
Концепциясын
қабылдады.
Концепцияда жүйелі мақсаттардың тізімі және сот сараптамасы
жүйесінің даму бағыты бар, Қазақстан Республикасының сот ісін
жүргізу демократиялық принциптері негізінде болды.
Концепция Қазақстан Республикасының соттық-сараптау жүйесін
ғылыми әрі әділ соттық сараптауды жетілдіруге, әдістемелік тұрғыдан
тәуелсіз қалыптасуына, нормативтік құқықтық актілерді, кешенді
мақсатты бағдарламаларды дайындауға негіз болады.
Қазіргі таңда республикада сарапшы кадрларды бірыңғай
дайындау жүйесі және біліктілікті жоғарлату жүйесі мүлде жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігінің соттық сараптау органдарына
қарағанда, Әділет министрлігінің соттық сараптау органдарында жоғары
мамандандырылған
оқу
орындарының
негізінде
арнайы
сот
сарапшыларының
біліктілігін
жоғарлатуға
және
мамандарды
дайындайтын мүмкіндігі жоқ.
Осыдан басқа, аталған органға лайықты, әрі талаптарды ескере
отырып құрылған сонымен қатар, диссертациялық жұмыстың сапасын
бағалайтын
арнайы
«сот
сарапшысы»
мамандығы
бойынша
диссертациялық кеңес құрылмаған.Осыған
байланысты
Қазақстан
Республикасының
Әділет
министірлігі
Білім
және
ғылым
министірлігімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының соттық-
сараптау қызметінің ғылыми және оқу барысын жетілдіруге
бағытталған іс-шаралар кешенін құру қажет.
Аталмыш
оқулық
ветеринарлық-соттық
сарапшылардың
жұмыстарының сапасын жақсартады және жеңілдетеді. Кітапта мал
шаруашылығы өнімдерінің жалғандылығы және оны анықтау туралы
сұрақтар келтірілген, сонымен қатар ветеринарлық қызметтегі соттық
сараптауға қатысты ғылыми және тәжірибелік мәліметтер мүмкіндігінше
жиналған.
9
Қысқаша тарихи мәлімет
Мал шаруашылығының дамуы және қалыптасуы кезеңінде, жабайы
жануарларды аулау, кейін оларды үй жануарларына айналдыру, қолға
үйретілген жануарды жұмыс күші ретінде пайдалану, әсіресе жеке
меншіктердің пайда болуымен, айырбас пен сауда уақытында мал иелері
арасында даулы мәселелер туындады. Жануарларды сатып – алғаннан
соң жануар ауырып не өліп қалса пайда болған сұрақтарды әділ
талқылап нақты тексеруді қажет етті. Дегенмен ол уақыттан XVII
ғасырға дейін дауларды шешу мәселесі эмпирикалық түрде ғана болған,
яғни ғылыми түрде негізделмеген. Ең басты дәлел кінәлі азаматтың
кінәні мойындауы болып саналды. Кінә субъективті түрде бағаланды,
бұл тек қана дұрыс шешімнің ғана емес, сондай-ақ теріс шешіммен де
айыптауға алып келіп отырды.
Антикалық кезеңнен I Петр заманына дейін қоғамдық және
ветеринарлық медицина бір ғылым болып дамыды. Ең алғашқы болып
сот медицинасын медицина ғылымының жеке бөлімі ретінде Иоганн
Бонн анықтаған. Ол 1960 жылы Лейпцигте «Medicinae forensic specimen»
(«Арнайы сот медицинасы») жинағы басылды. Сот медицинасының
пайда болуы және дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөледі.
Сот медицинасы және онымен тығыз байланысты соттық
ветеринария Ресейде XVI ғасырдың басынан XVII ғасырдың ортасына
дейін ғана қалыптаса бастаған. Басқа мемлекеттерде сияқты, адам мен
жануарлардың ауруларына қарсы күресу үшін арнайы заңдар
шығарылып, жылқы мен сиыр өліміне кінәлі адамдар жауапқа
тартылды. Адам мен жануарларды жұқпалы аурулардан алдын-алу
мақсатында санитарлық ережелерді сақтау қажеттілігі Алексей
патшаның «Собор жинағында» жазылған, ол сотты жүргізудің
мемлекеттік қалыптасуына (алғашқы, петровқа дейінгі, соттық
ветеринарлық медицинаның даму кезеңі) жол ашты.
Алайда, соттық медициналық және соттық ветеринариялық
сараптаманың процессуалдық пішіні I Петр реформаларынан басталып,
1864 жылғы (соттық ветеринарлық медицинаның екінші даму кезеңі)
соттық құқықтық реформаға дейін ұсталынды. 1715 жылы I Петр мал
мамандары мен ұсталарды, сондай-ақ сотта іс қарайтын адамдарды
дайындайтын мектеп ашу туралы жарлық шығарды. XVI-XVIII
ғасырларда індеттердің таралуына жол бермеу, оқшаулау жұмыстарын
күшейту, базарлардың санитарлық жағдайын жақсарту, сату-сатып алу
ережелерін құрастыру, жануар өлекселерін жою және т.б. жөнінде
10
біршама жарлықтар мен мемлекеттік қаулылар қабылданды.
XIX ғасырда Ресейде мал шаруашылығын өркендету мақсатында
ветеринария мамандарын дайындайтын оқу орындарын ашу қажеттілігі
туындады. Алғаш рет 1805-1806 жылдары Мәскеу, Қазан, Вилен,
Харьков
университеттерінің
медициналық
факультеттерінде
ветеринариялық кафедралар ашылды. 1808 жылы Мәскеу және
Петербург, ал 1832 жылы Вилен медициналық – хирургиялық
академияларында ветеринарлық бөлімдер ашылды. 1873 жылдың 31
мамырындағы жарлық бойынша Қазанда ветеринариялық институт
ашылды. Варшава (1840), Юрьев (1848) және Харьковте (1851) орта
буынды
ветеринария
мамандарын
дайындауда
ветеринарлық
училищелері үлкен рөл атқарды, кейіннен соңғы екі училище 1873
жылы, ал Варшавское 1889 жылы жоғары оқу орнына айналды. Олар
Ресейдегі жоғары ветеринариялық білім берудің негізі болды.
Ресей Империясының соттық медицинасы мәселелері туралы
заңдар жинағы 1832 жылы, ал 1842 жылы сот медицинаның қаулысы
қабылданды.
Дәрігерлік қаулының 1149-бабында (дәрігерлік жарлықта) Ресейде
ветеринарлық қызметке жаңа заң негіздерін енгізді, онда: «Егер кім де
кім қасақана жұқпалы ауруды өзгенің малына жұқтырса немесе
қандайда бір затпен өзгенің малына уландырса, сол кісі, егерде ауру
немесе өлім осыдан таралған жағдайда адам заң бойынша сотталуы
тиіс» деп жазылған. Заңдар жинағының 1624-бабына сәйкес жануарды
улаған адам жазаланады, 1112- бапта заңда қарастырылған үй
жануарларының жұқпалы аурулардан алдын алу ережесін сақтамағаны
үшін жауапкершілік, ал 1149-бапта ветеринарлық мамандар жануар
ауруларының қандай да болсын ауруын анықтағандығы туралы хабар
беру керек екендігі туралы жауапкершілікті жүктейді. Осындай
жауапкершілік 1150-бап бойынша жануар иелеріне де қатысты.
II Александр I Петрден кейін сот жүргізуге қатысты екінші ірі
реформаны жүзеге асырды. Реформа бойынша сот қызметі әкімшілік
қызметтен бөлек болды. Ресейдің ішкі істер министрлігінің
медициналық департаментіне мемлекеттік ветеринарлық комитетінің
кіруі, ветеринариялық дәрігерлердің ветеринариялық–санитариялық
шараларды полицейлік ұйымдардың қарауымен ұйымдастыру құқығы
мен міндеттері күшейтілді. Бірақ та, соттық ветеринарияда індетке
қарсы жүргізілетін ережелердің бұзылуына байланысты, алып-сату
кезіндегі жануарларды оқшаулау ережелеріне қатысты, сонымен қатар
мал шаруашылығындағы қылмысқа қатысты соттық істер қаралды. 1907
11
жылы Харьковте жарық көрген Ф.Т. Паповтың алғашқы соттық
ветеринариялық сараптама оқулығында: «Ауыл шаруашылығының бір
де бір саласында алдау мен алаяқтық мал шаруашылығындай болған
емес» деген.
Заң бойынша құқық қорғау органдары керек жағдайда дәрігерлерді
арнайы сараптама жасауға міндеттеді (соттық ветеринариялық сараптау
дамуының үшінші кезеңі). 1875 жылдың 4 тамызында Ішкі істер
министірлігінің Медициналық департаментінің №7184 өкімінен сот
тергеушісінің шақыруы бойынша келген сарапшы-ветеринар келесідей
сұрақ қойды, «соттық мекеменің қызметкерінің қойған талаптарын
орындауға міндеттімін бе?». Ветеринариялық комитеттің шешімі
бойынша ветеринарлар сотқа шақыру қағазын алсымен келуі шарт,
сондай-ақ қызмет бабына байланысты сотқа келмей қалуына болмайды.
Медициналық департаменттің Ветеринариялық комитеті өзінің
қорытындысын дәрігерлік отрядтарға және басшыларына хабарлады.
1871 жылы ветеринарлық институттарда соттық ветеринариялық
медицина пәнінен сабақ беріле бастады. Петербургтегі медициналық–
хирургиялық академияда атақты профессор И.И.Равич дәріс оқыды.
Кеңес одағы кезінде, яғни соттық ветеринариялық сараптаудың
төртінші даму кезеңінде, мал шаруашылығына едәуір зиянын тигізетін
жануар ауруларымен күресу үшін, жоғары және орта дәрежедегі
мамандар дайындауға көп көңіл аударылды. Мамандарды даярлаудың
және қайта даярлаудың жүйесі құрылды. Бірқатар аса қауіпті жұқпалы
аурулар (маңқа, жылқылардың инфекциялық анемиясы, жылқы мен ірі
қара малдың жұғымтал плевропневмониясы, ірі қара мал обасы) мүлдем
жойылды. Ветеринариялық іс-шаралар Ветеринариялық жарлық және
Ветеринариялық заң талаптарына сәйкес орындалды. РКФСР
Қылмыстық кодексіне сәйкес мал шаруашылығындағы қылмысты тергеу
құқық қорғау органдарына жүктеліп, ал ветеринариялық дәрігер сот
сарапшылары ретінде шақырылатын болды. Алайда, осы кезеңнің сот
тәжірибесінде 1918-1922 жылдары 30 жылдардың ұжымдандыру
кезеңінде, соттық іс жүргізуде қатаң ережелерді бұзушылық байқалған,
әсіресе ветеринариялық дәрігерлер өзіне тән емес қызмет-тергеуші
қызметін атқарғанда. Бұл жағдай кінәлі емес азаматтарды немесе кейде
ветеринариялық дәрігерлерді негізсіз репрессияға ұшыратты.
Ветеринариялық
жоғары
оқу
орындарында
соттық-
ветеринариялық сараптамадан дәріс міндетті және факультативті пән
ретінде оқу жоспарына сәйкес оқытылды. Соттық- ветеринариялық
сараптамадан
профессорлар
В.З.Черняк,
М.А.Добин
және
12
П.И.Кокуричев жазған оқу құралының ветеринариялық дәрігерлерді
дайындауда маңызы өте зор болды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бірыңғай
сараптау жүйесі 1950 жылдың 30 желтоқсанында КСРО Министрлер
Кеңесінің өкімі бойынша қалыптасуына негіз болды, бұл өкімде КСРО
Әділет министрлігіне Алматы қаласында соттық және прокурорлық
органдардың өндірісіндегі істер бойынша сараптама жүргізу үшін
ғылыми-зерттеу криминалистикалық зертхана ұйымдастыруға рұқсат
берілген.
Қазақ ССР Әділет министрлігінің Алматы ғылыми-зерттеу соттық
сараптама
институтының
1957
жылдың
сәуірінде
құрылуы
Қазақстандағы соттық сараптаманың ғылыми бағытының дамуының
бастамасы болды.
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен 1966 жылдың 8
қыркүйегінен бастап Алматы ғылыми-зерттеу соттық сараптама
институты және Қазақ ғылыми-зерттеу соттық сараптамалар институты
құрылды, ал 1969 жылдың желтоқсанынан Целиноградта институттың
алғашқы филиалы жұмыс істей бастады.
Үкіметтің
№1245
Қаулысымен 1997 жылдың 11 тамызынан Қазақ ғылыми-зерттеу соттық
сараптамалар институты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
соттық сараптама Орталығы деп өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 22
сәуіріндегі «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
жүйесін одан әрі реформалау жөнінде» Жарлығы Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай сараптамалық жүйесіне
жүктеу көзделген.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
сараптамалық жүйесі «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
соттық сараптама Орталығы» деп аталатын Мемлекеттік мекемемен
көрсетілген, ол басқару аппаратынан, 17 аймақтық және облыстық
өлкелік бөлімшелерден тұрады.
Өндірістік және қоғамдық қарым-қатынастардың дамуына,
азаматтар құқықтары мен еркіндігін және жеке меншіктің барлық
түрлерін қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа соттық
реформалар кезеңінде, соттық-ветеринариялық медицина жаңа
құқықтық түрлерге иеленеді. Қазіргі уақытта қолданыстағы қылмыстық-
процессуалдық кодекске сәйкес әрбір ветеринариялық дәрігер қажет
болған жағдайда соттық ветеринариялық сарапшы қызметін атқару үшін
өзінің кәсіби білімімен қатар заңтану негіздерін (соттық-ветеринариялық
13
сараптау дамуының бесінші кезеңі) білуі қажет.
Бүгінде соттық сараптау алып-сатуға, браконьерлікке, малдарды
ұрлау, жалғандылық және тағы басқа жағдайларға қатысты әртүрлі
сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.
14
Достарыңызбен бөлісу: |