«Б. Сейсекенов атындағы жоббм» кмм-сі 2018-2019 оқу жылындағы өткізілген құқықбұзушылық іс-шараларынан Анықтама «Б. Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»



бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі20,15 Kb.
#129235
  1   2   3
Байланысты:
құқық


«Б.Сейсекенов атындағы ЖОББМ» КММ-сі 2018-2019 оқу жылындағы өткізілген құқықбұзушылық іс-шараларынан

Анықтама

«Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де



Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2018-2019 оқу жылына арналған құқық бұзушылық жоспары құрылып, жыл бойы жұмыстар атқарылды. Мектебімізде «тәуекел топқа» жататын және есепте тұрған оқушылар болған жоқ. Сонымен қатар жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шаралардың жоспары оқушылардан бөлек жыл сайынғы дәстүр бойынша ата-аналарға да жиналыс жасалып түсіндіріліп өтті. Оқу жылының басында құқықбұзушылық туралы әр класс жетекшілері де өз кластарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында мектебімізде мектеп психологы мен әлеуметтік маман да өз жұмыстарын атқарып өтті. Сондай –ақ ,құқық пәнінің мұғалімі ретінде мектепте жоспарға сәйкес «Өз құқығыңды қорғай біл!» тақырыбында баяндама оқып, құқықтық шаралар да өткіздім. Ақпан айында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында 8-10кластар арасында сыныптан тыс шара өтті. Наурыз айында мектеп психологының міндетін алған Қуанышева Бейбітгүлмен 5-10 класс оқушыларынан «жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау» тақырыбы бойынша ононимді түрде сауалнама алынды. Сәуір айында әлеуметтік маман Сахиев Жасұлан әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыстық құқықбұзушылыққа апарар жол туралы соның ішінде «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында баяндамасын оқыды. Жалпы айтқанда мектеп оқушыларына ай сайын пән мұғалімдерімен және психолог, әлеуметтік мамандармен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет