ТӨЛ ТАБИҒАТҚА МӨЛДІР МАХАББАТ НЕГЕ ЖОҚ?
- Қазыр қоршаған ортаға қатысты проблемалардыңдені адам қолымен жасалып жатқандығы туралы жиі айтылады.Расында да, солай ма? -Қазір адам мен қоршаған ортаның өзара қарым –қатынасы тым күрделеніп кеткендігі мәлім.Әсіресе, жер бетінде халық санының қүрт өсуі мен өндіргіш күштердің жедел дамуы адамның табиғат қа деген ықпалын бұрынғыдан да күшейтті. Соның ішінде XX ғасырдаң екінші жартысынан бастап адам мен табиғатарасында жаңа жағдайқалыптасты. Өйткені адам қажетіне керекті шикізатқа сұраныс материалдық өндірстің көлемін күрт арттырды, жер қайнауы мен мұхитбайлығы шапшаң қарқынмен игеріле бастады «Біз табиғатқа бағынбаймыз оны өз игілігімізге пайдаланып,бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты Мұның бәрінің жер бетіндегі тылсым тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан, яғни жер сілкінісінен су тасқынына, жел екпінінен,өзге де жайлардан анағұрлым асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, алдымен ғылыми- техникалық өрлеумен тығыз байланысты. Дүние жүзі елдерінің дені өнеркәсіптік даму жолын одан әрі жалғастыруда.Демек, жер қойнауындағы табиғи байлыққа қызығушылық артты, оны игеру көлемі күрт өсті. Өз кезегінде бұл ауаның ластануына соқтырады. Одан әрі,соңғы жылдары дүние жүзінде демографиялық жағдай да үлен өзгеріске ұшырады. Яғни халық саны күрт өсті. Мәселең 1700 жылы әлемде 620 млн. Халық болса, 1850 жылы олардың саны екі есе өсіп, 1 млрд. 200 миллионды құрған. Демек, халақ санының артуына осы аралықта 150 жыл қажет болған. Ал, бұл мөлшер одан кейінгі жүз жылдықта тағы екі есеге көбейіп, 2 млрд.500 млн. адамға жеткен. Ал халық санының ослыай жадел қарқынмен артуы тұтыну қсысмын да өсірді Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қайта қалпына клтіріп отыратын мерзімінен жаңылды. Ақырында қалалар көбейіп олар тұратын халақ саны артты. Мәселен XX ғасырдаң басында барлық тұрғындардың тек он пйызы ғана қалалықтар болса, соңында бұл айырмашылық жартысына жақындады. Қазір де ауылдан гөрі қалада тұрушылар қатары біртіндеп өсіп келеді. Мәселен Қазақстанда қала халқы 54 пайызға жетті. Бұлда шекті көрсеткіш емес. Демек, қала пайдасына өзгерістер әлі де болуы ықтимал.Ал, осыншама көп адамның шағын аумаққа топтануы жерге түсетін салмақты арттырды, қала ман оның маңының ластануы ұлғайтты. – Осы орайда республиканың батыс өңіріэкологиялық тұрғыда қиын аумақ ретінде аталады. Бұл қаншалықты рас және оның сесебі не? Тұрасын айтқанда, бұдан отыз-қырық жыл бұрын эколгия ұғымын тек ғылымдар мен мамандар ғана қолданатын.Жалпы жұршылықтың бұл тұрғыдағы түсінігі де ас жоғары еместі. Ал, өткен ғасырдың сексенінші жылдары нан бастап қоршаған ортаны қорғау проблемасы күллі жаһан көлемінде ең өзекті мәселелерінің біріне айналады Осы орайда биология ғылымының докторы, профессор – эколог Нұрғожа Алдабергеновке жолығып, бір, қатар сауал қойған едік.
Жалпы материалдық өндіріске баға беруде әлеуметтік және экономикалық өлшемдермен қатар, экологиялық талаптарды да қоса есептегенде, көптеген қатерліктерге жол бермеген болар едікЕліміздің басты көмірсутегі қоры мол, оны игеруге отандық және шетелдік компаниялар талай жылдар бері атсалысып келеді. Сан миллиондаған инвестиция құйылуда. Жаңа кеніштердің қатарға қосылуы нәтижесінде ел экономикасы да нығайады, қазақстандықтардыңәлеуметтік жағдайы да жақсарады. Алайда, осы толғай табыстар тасасында экологияылқ талапртр қалыс қалған. Жер қойнауын пайдаланушылар кеніштерді игеру барысында қолданыстағы қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын орындауға тіпті де ұмтылмаған.Егемендіктің бастапқы жылдары ел тұрмысын түзеу жолында бұған құзырлы орындар да аса назар аудармады. Енді экономикамыз бекіп, әлеуметтік жағдайымыз да түзелгенднеэкологиялық ахуалымызды да реттеп алғанымыз жөн. Омы орайда жергілікті атқарушы биліктің отандық және шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларғақатар талап қойып, оның орындалуын қатаң бақылауға алуды қуанты. Әсіресе облыстық әкімдіктегі қоршаған ортаны қорғауға қатысты тұрақты комиссия жұмысымен газет беті арқылы танысып, разылық тантамыз. Әрине, әр қалада түрліше болғанымен, батыс өңірдің тұрғындары жұтып жатқан ауа аса таза емес. Соның ішіндеауаның тым шаңдануы Ақтауда байқалған. Атырау, Ақто\өбе және Орал қалаларында бұл деңгей сәл аз болғанымен, бәрібіршектеулі мөлшерден көе. Демек, дабыл қағарлық жағдай жеткілікті. Жалпы, ауадағы адам ағзасына аса қауыпті улы газдардың мөлшері 1328,2 тонна күкірт сутегінен 7732,7тонна аммтактаң 4621,4 тонна қорғачсыннан 1606,6 тонна мышьяктан және 335,6 тонна күкір қышқылы нан тұрады. - Сөз соңында ғалым ретінде Атырау аумағындағы ахуалды қалай бағалар едіңіз? – Мұнда сан жылдары бойы мұнай мен газ өндіру кешенінің қалыптасуына орай ауа тазалығына айтарлықтай нұқсан кліп отыр. Каспий теңізі суының табиғи құрамы өзгеріске ұшырағаны анық. Әр жылдарды құстар мен балықтардыжаппай қырғанға тап болуы тегін емес. Бұл тұрғыда түрлі түсінік бергенімен, әр тереңірек зерттеу қажет. Мәселен, итбалықтардыөлімін олардың арасына тараған дертпен түсіндіреді. Ал, осы ауру қайдан және қалай пайда болды? Келешекте оның алдын алуы мүмкін бе? Ол үшін нендейшаралар жүзеге асырылуы тиіс? Мне, осындай және өзге де сауалдарға толық жауап берілді деуге әрі ерте. Ең бастыс,айдын тазалығына Елбасының өзі ерекше назар аударып, мұндағы бұғылау жұмыстарының теңіз тіршілігіне еқандай қауыпсіз жүргізілуі тиістігін талап етіп отырғанда бұл одан әрі маңызға ие.
Теңіз көнішінде тау болып үйілген күкірт мәселесі де толық шешім тапқан жоқ. Рас баспсөз бетіндегі деректерге қарағанда, ТШО компаниясыоны сақтау көлемін арттырыпты. Бірақ мұндай өндіру мөлшері артуымен қатар күкірт шығаруде өспей ме? Сонда ол қазіргіден де көп жиналып қалмай ма?Демек, бұл да ойланарлық жай. Ауаны бүлдіруде автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардың үлесі молдығын ғалымдар әлде- қашан дәлелдеген. Мұндай қубылыс Атырауға да жат емес. Бізде де жыл санап мыңдаған көлік қатарға қосылуда. Әрине бұл тақырыпты таратып, кеңірек қамтуға да болады. Әйтсе де, әзірге айтарымыз, осы автокөліктерден тараған зиянды заттардың мөлшері барлықластанудың 60-70 пайызын құрайды. Бұған, біріншіден, шетелдік саналатынкөліктердің дені ескілігі, сондықтан залалды заттарды көбірек бөлетіні себеп.Екіншіден сол автокөліктерге құйылып жүген жанар май әлі таза емес. Қазыр Атырау мұнай өңдеу зауытында қолға алынған қайта жарақтандыру жұмысы еуропалық стандартқа сай келетін сапалы жанар май шығаруға мүмкіндік бермек. Жалпы, осы жанар май құю стансаларын қала сыртына көшіргені жөн еді. Ал бізде олардың дені қаланың ортасында, жұртшылық көп жиналатын жерде тұр. Атмосфераның төменгі қабатында жиналатын өндіріс қалдықтары мен улы газдар адам десаулығына үлкен зиян келтіреді.Соның салдарынан бронхит, өкпе ентікпе секілді аурутүрлері көбейді. Залалы заттар тныс жолдары арқылы қанға тарап, оның құрамындағы гемоглабинмөлшерін азайтуда. Ақырында, экология ұғымының мәні мен мағынасы тым жоғарғы екенінін айтқым келеді. Қазыр экономиканың дамуы мен экологияның тығырық қатірелуі – басты проблема. Мексика шығанағындағы белгілі оқиғадан соң еліміздің Қоршағанотанды қорғау мен Мұнай және газ министрліктері тиісті комиссия құрып, барлық жер қойнауын пайдланушылардан қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңдылықтарды қатаң сақтауды талап ете бастады. «Ештен кеш жақсы» дегендей бұлда құпталық шара. Тек соның науқандық қана сипат алып қалмауы қажет.
P.S. Адамдар арасында рухани жұтандық да басым. Қоршаған ортаны күшпен көндіруге болмады.Ал біз оған әлемжеттік жасадық. Жедел тыс шапшаң пайда табу жолында табиғаттың тылсым тіршілігіне үлкен нұқман келтірдік. Қазырде бұрынғы діліміз (менталитетіміз) түбірімен өзгерген жоқ. Әлдебір тентек көшеде өсіп тұрған жас шыбықты, жұлып тастаса, мұны біздің кінәміз деп түсініуіміз керек. Өйткені, өскелең ұрпақ бойына төл табиғатқа деген мөл махаббаты дарыта алмай келеміз. Жалпы, қоршаған ортаға табиғи құбылыстардан гөрі, адамдар көбірек әсер етіп отыр. Сондықтан өзіміздің әр әрекетімізді он өлшеп, сан пішіпбарып жасаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |