Сүйеубай БАЙҚАДИҮЛЫ, Қазакотан Журналистер одагы сыйлығынын лауреаты.
Семей.
№7 ДӘРІС. Жер тағдыры- ел тағдыры
Семей полигонының зардаптары
Мақаш Тәтімов демограф
саясаттану ғылымынығ докторы
Респубпикамыздағы демографиялық аймақтардың бірі — Семей ядролық сынақ полигоны. Қазір полигон қазақтың кең-байтақ даласының бауырына шыққан қатерлі ісіктей асқынып, күннен-күнге айналасына уытын жайып келеді.Күні кеше ғана полигон туралы ашық әңгіме айту былай тұрсын,ол жайлы ойлаудың өзі қиын еді. 40 жылдан астам әскери мекемелердің құлыптаулы, жасырын үстап келген бұл құпиясын ашық сөз етуге қатаң тыйым салынған-ды. Соңғы жылдары елімізде белең алған түбірлі демократиялық өзгерістер тікенек сыммен қоршалған ядролық полигонның беймәлім бейнесін көруге, оның халқымыз үшін қаншама қасірет әкеліп отырғанына көз жеткізуге мүмкіндік берді.Семейдегі полигон туралы қазір жұртшылықтың пікірі сараланып қалғандай. Қалың көпшіліктің үзілді-кесілді талабы жүзеге асып, полигон жабылды. Бірақ оның ұзаққа созылатын зардабын қалай тоқтатамыз?!Полигон деген — біздің сормаңдай халқымызды алдымен әлеуметтік большевистік экспериментіің, қейін экономи-калық отаршылдық эксперименттің, ал соңында ядролық әскери эксперименттің құрбаны ретінде сынау еді. Әр нәрсенің шегі бар! Алматы облысында, заңғар Алатаудың кіндігі — Талғардың таза етегінде туып-өскен мен өзімді Дегелең тауының бІр бөлшегі деп есептеймін. Дегелең — біздің баяғыдан келе жатқан ата қонысымыз. Менің ата-бабаларымның зираттары сол Ұзынбұлақта жатыр. Ол жерде ертеде Дегелең болысы, кейін Абыралы ауданы болған. Орталығы ескі жұрт — Ұзынбұлақ селосы, Ұзынбұлақ өзенінің жағасында, Дегелең тауының етегінде, кіші жене үлкен Дегелеңнің ортасында орналасқан.
Әйгілі «Ақтабан шұбырынды» заманында біздің жетінші бәбамыз Қаракесек Қалыбай сол жерлерде жоңғарлармен соғысқан көрінеді. Қалмақтарды өзі туған жері - Абыралы аймағы мен Дегелең тауынан қуып шығып, Ертістің арғы бетіне жауды түріп тастаған да сол Жүгіней немересі Қойкеұлы Қалыбай атамыз болған. Ол кісінің сүйегі әспеттеліп, қасиетті Түркістанда жатыр. Дегеленде «Қалыбай асуы» деген заңғар биік асу бар, қазір «Солдат асуы» (әскери күзетке байланысты) деп атайтын көрінеді... Жергілікті (халықтың біразы оны «Әулие асуы» деп те жүр. Бірақ шын мәнінде, ол әулиенің «Акрабан шүбырынды» заманының атақты батыры» кәдімгі Қаракесек Қалыбай екенін жұрттың бәрі біле бермейді. Мән мұны басқа айтып отырған жоқпын. Полигон «Ашылғалы, міне 48 жылдан-астам уақыт өтті. Бұл аз мезгіл емес. Уақыт өткен сайын халық санасынан талай нәрсе өшіп жатыр.Соның бірі полигон қамтып жатқан 18 мың шаршы шақырым аймақтағы көне жер-су аттары, ескінің көзі — күмбездер мен бейттер. Ал «18 мың шаршы шақырым» деген айтар ауызға ғана жеңіл. Таратып айтсақ, бұл Балқаш көлі аймағымен бірдей. Егер басқаша нақтылай түссек, Эстонияның жартысына, Арменияның үштен екісіне тең жер. Полигонның алып жатқан жер көлемін осыдан-ақ біле беруіңізге болады. Арқаның бұл нағыз құйқалы, шұрайлы жерлері... Оның астыңғы тектоникасы қатты гранитті жыныстан тұрғандықтан, ол атом сынағы үшін әдейі таңдап алынған кезінде.Бұл -бұрынғы ҚСРО-дағы екінші ядролық полигон. Алғашқысы да Қазақстанның батысында Нарын құмында болған. Ол шамамен соғыстың, соңғы жылдарында пайда болса керек. Бірнеше жылдан соң әлдебір се-бептермен ол полигонды ядролық жер ретінде жауып тастаған. Егер қателеспесем сол сынақ полигоны жер атымен Азғыр деп аталады. Оның да жер көлемі аз емес (12 мың шаршы шақырым). Меніңше, оны бұрынғы орталық, қазіргі Ресейлік әскери әкімдер әлі күнге дейін басқа да залалы мол мақсатқа жұмсап отыр. (Мысалы, баллисти-калық ракетаны сынау мақсатында). Азғырдың атом полигоны ретінде «жарамауының» бір себебі оның орыстың өзі қалың орналасқан жерге жақын болуынан...Семейдегі полигон 1949 жылы ашылып, 1963 жылға дейін ядролық сынау әуеде, жер бетінде жүргізіліп келгені бұл күнде ешкімге құпия емес (жер астындағы жарылысты қоса есептегенде, жалпы 781 сынақ болған). Полигон Абай, Май, Жаңасемей аудандарының территориясында жатыр. Ядролық сынақ негізінен полигонның бергі Абай ауданына қарасты бөлігінде жүргізілген. Ол жер бұрын Абырапы ауданына қарайтын. Полигон құрылар алдында аудан таратылып, оның халқы «қаупсіз аймаққа» көшірілген. Полигонның территориясында шығыстан батысқа қарай созылып жатқан ұзындығы 35 -40, ені 15 -20 шақырым шамасында ұсақ шоқылы Дегелең тауы бар. Бұл -Сарыарқаның малға жайлы, құйқалы тауларының бірі. Бірақ, амал қанша, біз бауыры құт болған ата қоныс таудан айырылып қалдық.Сталиндік әкімшілік апарат, Берияның тікелей басшылығымен жергілікті елмен санаспай, қазақ халқының аса қасиетті мекені, Абай мен Шакәрім және Мұхтар секілді үш данышпанның киелі бесігіндей бұл жерді алапат қаруды сынайтын тозаққа айналдырды.Жоғарыда айтылғандай, әкем қызмет бабымен ата қонысы Дегелеңнен сынақ болардан ертерек көшіп кетіпті. Бірақ ата-бабаның туып өскен жері әрбір адам үшін бөлек қой. Мен де ержетіп ес тоқтатқан соң, ата қоныс Абыралыны, сол Дегелең тауын көрсем деп армандадым. Сол арманның жетегінде Семей жеріне талай рет келдім. Бірақ әлгі арманым ұзақ жылдар орындалмады.' Ол кезде ткенек сыммен қоршалған полигонға кіруге рұқсат жоқ еді. Алғашқыда есімде, Қарқаралы тұсындағы Қайнар жағынан келдім, содан кейін туралап Саржал тұсынан, ал үшінші рет Мәдидің атақты Үшқарасы тұсынан жақындап келдім. Сөйтіп, 1973,1975, 1979 жылдары Абыралыға келіп ата қоныс Дегелеңді алыстан ғана көріп қайтып жүрдім.Полигонға кірудің сәті 1983 жылы ғана түсті. Сол жылдары ұмытпасам, ядролық сынақты тоқтату жөнінде ұсыныс қабылданған болатын. Ұзақ уақыт бойы жарылыс болмағандықтан, көрші совхоздардың, тіптен алыс аудандардың шөпшілері және малшыларына полигон территориясында шөп шабуға, мал жаюға рұқсат етіліпті. Мен полигонда алғашында жылқы бағып жүрген Саржал совхозының жылқышыларына лекция оқитын болып совхоздың жұмысшылар комитетінің төрағасы (қазір аты-жөні жадымда жоқ), сол жерді жақсы білетін білгір адам ретінде жол бастап, полигон территориясына жасырын ендк. Егер ұсталып қалсақ, қүпия әскери объектіге кіргенім үшін мені аямасын білдім. Бірақ нар тәуекелге, ата-бабаға сыйына батыл бастық. Қалтамда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы деген құжат және лекция оқуға «Білім» қоғамының жолдамасы ғана бар.Сонда не көрдіңіз дейсіз ғой? Бауыры шұрқ тесілген тау мен құты қашқан жерден және үгітілген шыңдарынан басқа еш нәрсе жоқ! Дегелең ұзақ жылғы дүмпуперден шөгіп, биік шыңдары үгітіліп, тек қиыршық тастың шөгіндісі - тау қара қорым болып қалыпты. Тау баурайындағы үңірейген апан құдықтардың жан құлазытқаны соншалық, мына аймақтан безіп те кеткім келді. Дегелеңді бойлай оңтүстік беткеймен батысқа қарай ілгері жүре түскен сайын үңірейген тесік тунельдер мен жер бетіндегі апандар жиі қездесе бастады. Кейбір атомнан болған жасанды көлдер аумағы 100 метрдей терең келсе, енді біреулері төрт-бес шақырымдай ауқымда дөңгелене қарауытып жатыр. Бірақ олар таяздау екен. Бәрінің түбіне су жиналып кішігіріп шалшықты көлге айналған, ал тереңдері жер асты суын өзіне тартып алған шыңырау құдық іспеттес... .
Дегелеңнің осы оңтүстік беткейінде осындай апандардың он шақтысын санап шықтым. Әлі есімде, алғашқы келгенімде Мыржық жақтан, солтүстік беткейінен де соншамасын санап шыққанмын. Барлығы, көргенім 20-ға жетеді. Ал соңғы кезде өз әскерлеріміздің санауы бойынша шағын ғана жер шоқтығы Дегелең денесінде 400-ге жуық туннельдер қазылып, оның денесін шұрқ тесік еткен. Ал енді ұшар басындағы қатпар тасты шыңдар үгітіліп ойға ығысқандықтан, алыстан Дегелең тауы таз адамның басы сияқты сарғайып қана көрінеді.Аң-құсы безіп кеткен, бір кездердегі, құйқалы өңір енді күрең тартып, жүдеп, әбден жұтап қалыпты. Сол сапарда жан күйзелткен бір көрініс бұрынғы аудан орталығы Ұзынбүлақ селосының ескі жұртындағы ата-бабаның қорымының күйі болды. Сарыарқада күмбез тәріздес, шошақ бейіттер көп кездеседі. Көбі шикі кірпіштен, тастан тұрғызылған бұл ескерткіштер бүгінде есте жоқ ерте заманнан бізге жеткен тарих елесінің бірі іспеттес. Сол киелі қасіретті Дегелеңнің баурайында біздің ата-бабамыздың , ескі зираты бар. Соның бірі — біздің жетінші атамыз Қалыбайдың інісі Кешубай бабамыздың шошақ күмбезі. Оның кірпіші жылқының қылын қосып, ешкі сутіне илеп жасалған еді дейді көзі көрген жергілікті ақсақалдар. Кірліштен соғылған биіктігі алты-жеті метрдей конус тәріздес, ұшы сүйірлене біткен сұлу күмбез. Сол күмбезден сынақтан соң түк қалмапты!. Жер бетінде жасалған жарылыстың екпінді дүмпуі оны тып-типыл етіпті. Күшті ауа толқыны күмбезді ірге тасымен қосып көтеріп, елу қадамдай жерге кірпіштерін шашып жіберіпті. Бір ғажабы, әлгі кірпіштердің біреуі де сынбаған. Бәрі бүтін екен. Көненің көзіндей бабалар құйған кірпіштің беріктігіне таң қалдым. Біреулер тасыл әкетпесе, әлі жатқан шығар деп жүруші едім. 1995 жылы соңғы рет Абай тойынан соң Дегелеңге енді балашағамды ертіп қайта барсам күмбездің барлық кірпіштері тоналған екен. Қандай іш күйдірерлік өкініш десеңізші!Енді демограф ретінде ядролық полигонның демографияға тигізетін зиянды әсері қаншалықты дәрежеде екеніне тоқталайық және оның болашақта генетикалық зардабы қандай болмақ?Ядролық полигонның экологиялық зардабын төрт радиуске бөліп қараған жөн. Бірінші шеңбер радиусы 150 шақырым аймақты қамтиды. Бұнда 200 мың халық тұрады. Оған полигонды қоршай жатқан бес-алты аудан енеді. Екінші шеңбер радиусы 300 шқырым жерді қамтып, онда 1 млн. халық түрады. Бұл аймаққа Семей, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандары жатады, Үшінші шеңбердің радиусы 500 шақырым. Бұл территорияда 5 млн. халық қоныстанған. Бұған Павлодар, Өскемен, Ақмола секілді қалалар да енеді. Ал төртінші шеңбердің радиусы 775 шақырымға дейін жетіп, Алматы, Омбы, Новосибирск секілді миллиондаған тұрғыны бар аса ірі қалаларды, сондай-ақ шығысында Моңғолия мен Қытайдың территориясын да қамтиды. Бұл шеңберде 20 мпн. адам тұрады. Бәлкім, бұл не үшін қажет, біз қайда, Семей қайда, Дегепең қайда деушілер де табылар. Оған біздің айтарымыз, Сарыарқаның желі көбіне солтүстіктен оңтүстік батысқа, Қазақстанның ішіне қарай соғады. Ер- теде ол желдің бағытында елді мекендер аз болғаң, халық сирек қоныстанған. Ядролық полигонды Семей жеріне орналастырудың бір себебі осы болуы керек. Екіншіден, Абыралы тау-тасты, ішкі қыртысы қатты гранитті жер. Бәлкім полигонды осы жағын есқере отырып, қазақ жеріне әдейі әкелуі де мүмкін, Ертістің мол суы да жақын, о баста полигон қондырғыларын сонау Омбы арқылы кемемен тасыған көрінеді (онда темір жол Семей жақтан әрі тартылмаған).Осы орайда маған мынадай ой келді: Нарын құмындағы полигонда жасалған жарылыс дүмпуін Кремльде отырған Сталиннің өзі де сезініп, полигонды Москвадан алысқа әдейі көшірмеді ме екен? Ресейдің орталығына Нарыннан гөрі Дегелең алыстау ғой... Содан кейін Америкадағы Невада болсын, Тынық мұхиттағы Моруора аралы болсын, тіптен бүйірдегі Шыңжандағы Лобнор болсын барлық полигонда бөтен халықтың негізінен сары нәсілді ұлттардың- үнділердің, қазақтардың, аборигендердің, уйғыр мен моңғолдардың жеріне орналастырылатын байқаған боларсыздар. Бұл да болса нәсілшілдіктің бір түрі, тіптен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғангда әдейі адамдарға сынау үшін алғашқы атом бомоасын американдықтардың жапонның Хиросима мен Нагасаки қаласында жаруы да сол нәсілдік кемсітуден деп білемін.Сонымен әлгі шеңберлерге қайта оралайын. Сөз орайы келгенде айта кетейін, кейін 1993-1994 жылдары полигонның радиация зардабын шеккен тұрғындар үшін жеңілдіктерді осы тараптар бойынша белгіледі. Бұл принцип негізнде дұрыс ғылыми жол еді Солтүстіктен соғатын Арқаның желі көп жағдайда батысқа бұрылмай, Алатауға келіп тіреледі. Бұл азды-көпті радиацияның шаң-тозаңы 775 шақырымда жатқан Алматыға да жетуі мүмкін деген сөз. Әуелде жер бетіндегі жарылыс кезінде ол солай болған шығар. Меселен, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында жердің үстіңгі қабатында 15 см-ге дейін радиация сіңіп кеткен көрйнеді. Бұның салдары қандай болатынын биологиядан аздап сауаты бар адам түсінеді ғой деп ойлаймын. Сол Күршім Абыралыдан 450 шақырым қашықтықта орналасқан. Дәл осындай жағдай бірінші және екінші радиустың бәрінде баршылық...Енді ядролық полигонның демографияға әсеріне келейік. Ол біріншіден, психологиялық тұрғыда тікелей әсер етеді. Оны ғылым тілінде радифобия деп атаймыз. «Фобия» - қорқыныш, үрей, қорқу дегенді білдіреді. Яғни, орынды, орынсыз бопсадағы радиофобия үркіншілік ретінде демографиялық мінез-қүлыққа кері ықпапын тигізеді. Мәселен, радиосробия билеп алған әйелдер дендері сау бола тұра, үшінші, төртінші, бесінші баланы дүниеге әкелуге қорқады да, бала көтермейді, оның санын шектеуге мәжбұр болады. Олар әқыл-есі кем, денсаулығы жоқ, тұлғасы мүгедек, жарымжан сәбиді дүниеге әкелем бе деген үрейді жеңе алмайды. Осы орайда мынандай мысал келтірейін. Белгілі Чернобыль қасіретінен кейін 70 миллион адам радиофобияға душар болған. Радиофобияның ерекшелігі сол, адамдар ауырсын-ауырмасын бос, тіптен жалған үрейге тым берілгіш келеді. Демографиялық өсім тұрғысынан тез арада жеңіске жетіп, радиофо-бия тез сейілуі керек. Енді «Семей — Невада» және «Аттан» сынды радиофобия үрейін үрлейтін қозғалыстардың қазіргі полигон жабылғанда пайдасынан зияны көп болмақ.Ядролық полигонның демографияға екінші бір әсері - адамдардың миграциялық мінез-құлқына қатты әсер етеді, Енді жұрт жай қорқып, бала тууды шектеп қана қоймаиды, олар полигоннан алыс аймаққа көшіп кетуге тырысады. Жоспарлы түрде жүргізіпмеген стихиялық миграция респлубликаның экономикасы мен шаруашылықтарға елеулі нұқсан келтіруі мүмкін. Егер полигон жерін Дегелең атты ұлттық паркке айнапдырып, онда радиацияның адамға, жануарларға, өсімдікке әсерін зерттейтін әлемдік орталыққа айналдырса, бұл кері құбылыстар тез тоқталған болар еді. Оның ұстіне Дегелең тауы Евразияның жер кіндігі ретінде де біздерге құнды. Осы кйелі жерден, яғни Семей облысынан жылына 5-6 мыңдай адам біржола кері қайтпай көшіп кетіп отыр.Қазақ балаларының саны соғыстан соңғы ең азайған 1994 жылғы 47 мыңдық деңгейден (шамамен 17 -19 промиль) 1961 жылы 132 мыңға дейін көтеріліп, осы деңгейде 7-8 жыл сақтапып түрды да, өткен демографиялық өрлеудің жаңғырығы ретінде 1988 жыпға дейін 209 мыңға көтеріле түсті. Сонан соң соғыстан соңғы 48 жыл ішінде тағы кілт төмендеді. Ол негізінен экономикальіқ дағдарыстан болды. Өткен қиын кезеңдердегі ашаршылық, соғыс, дағдарыс толқындары да сәбилердің абсолюттік санының қайта көтерілуін біршама әлсіретті. 1968 жылы өлгендер саны азайып, 20 мың адам шығын болса, ол бүгінде екі еседен артық өсіп, 49 мыңға (56 мың -95 ж.) жетіп отыр. Болашақ туатындар 2015 жылға дейін 220 мың шамасында қайта көтеріле алса, өлгеңдер саны да сол кезеңге дейін екі есе өсіп, 100 мыңға жетуі мүмкін. Сонда табиғи өсіміміз қазіргі 155 (167мың 88 ж.) мыңнан120-130 мыңға (100 -110 мың (1997 – 99 жж.) дейін қысқармақ.Табиғи өсім 100 мыңға дейін қысқарып (2000 жыпға тақау кездерде), ал миграциялық өсім 10 мыңға дейін кеміп, сол 110 мың шамасында қалмақ (авт).
Достарыңызбен бөлісу: |