Бабажанова Гулфина



Дата07.02.2022
өлшемі18,83 Kb.
#96010
Байланысты:
Бабажанова Гулфина 10 апта моөж
тест педогог, 1542008752, 354205

Бабажанова Гулфина
Галогендердің оң иондарына сай тұз тәрізді қосылыстары
VIIA топ бойынша жоғарыдан тӛмен қарай галогендердің бейметалдық қасиеттері кеміп, ең соңғы йодпен астатқа ауысқанда металдарға ұқсайтын қасиеттердің пайда болуын байқауға болады.
Хлордың монофториді электрондық жұптың акцепторларымен әрекеттесіп катионгалогендер түзетіні мәлім:
2ClF+AsF5=(Cl2F)[AsF6]
Егер де түзілген ӛнімді артығымен алынған хлормен ӛңдейтін болсақ құрамында катионы бар сары қатты зат түзіледі:
Cl2+Cl2F+=Cl3++ClF

Сонымен қатар Вг3+ және J3+ катиондарының бар екені белгілі. Бұлардың ішінде ең жақсы зерттелгені трииод (1+) катионы.Ол күкірт қышқылында келесі реакция бойынша оңай түзіледі:

HJO3+J2+8H2SO4=5J3++3H3O++8HSO4-
J3+-ның ерітіндісінде J 2 -ты еріткен кезде пентан (1+) катионы түзіледі:
J3 + J2=J5+
Егер де иодты 60%-ды олеумде ерітсе ол күкірт (VI) оксидімен дийод J2+ катионына дейін тотығады. Оның түзілуі спектроскопиялық, криоскопиялық және басқа да әдістермен дәлелденген.
Йодты судан басқа еріткіштердің бірінде (мысалы, диэтил эфирінде) күміс тұздарымен бірге ерітсе сары түсті йод нитратының ерітіндісі шығады:
J2 + AgNO3=AgJ + JNO3
Йодтың I валентті оң зарядты қосылыстары кейбір органикалық молекулалармен координацияланып берігірек күйге кӛшеді:
AgNO3 + J2 + 2Ру=[J(Ру)2]NO3 + AgJ↓
[J(Ру)2]NO3 (мұндағы Ру - пиридин C5H5N) 1380С-та балқиды. Йодты бензолдағы немесе хлороформдағы ерітіндіде күміс перхлоратымен әрекеттестіру арқылы сары түсті J3+ ерітіндісін алуға болады:
J2+2AgClO4=AgJ+AgClO4∙ JClO4
AgClO4∙ JClO4+ JClO4=AgJ↓+J(ClO4)3
J(ClO4)3∙ 2H2O мен қатар түссіз J(CH3COO)3, сары JPO4, сары-жасыл түсті J2(SO4)3 алынады. Бұлардың бәрі қатты күйінде қараңғыда, 00С-тан суығырақ температурада сақталады. Бұдан бұрын қарастырған йод тотықтарының бірі J4O9 осы топқа жатқызылады, ӛйткені оны йодат түрінде былайша белгілейді:
J(JO3)3.
Оң зарядты галогендердің қосылыстары суда оп-оңай гидролизденеді:
JClO4 + H2O = HJO + HClO4
кейбірі гидролиз кезінде диспропорцияланады:
5JPO4 + 9H2O=J2 + 3HJO3 + 5H3PO4
Осы реакциялардан бұл қосылыстардың табиғаты қышқылдық
екені кӛрініп тұр. Олар негіздік табиғатты тұздармен
әрекеттесіп кешен бере алады:

JNO3 + KNO3=K[J (NO3)2]



Йодтың оң зарядты қосылыстарымен қатар соларға жуық
тұрған оң зарядты оттекті қосылыстары да бар. Концентрлі
күкірт қышқылынаI2O5 және I2-мен әсер еткенде йодилсульфат
шығады (IO)2SO4. Бұл заттың құрылысын зерттегенде
құрамындағы 10+ ион емес, анионмен тізбек түзе байланысқан IO-I полимер екендігі анықталған. Ал HIO3 пен H2SO4
әрекеттескенде түзілетін IO2HSO4 сұйық ерітінділерде мономер
болатындығы белгілі болып отыр, концентрлі ерітінділерде ол
да полимерленеді. Егер оны 65%-дық олеумнің ерітіндісінде
ерітсе құрамында парамагнитті ионы бар тұз шығады: IO+HS2O7.
Астаттың қасиеттері аз зерттелген, әйтпесе, оның оң
зарядты қосылыстары иодтан молдау әрі беріктеу болуға тиісті.
Дегенмен судағы ерітіндіде қышқыл ортада At+ ионын алуға
болады деген мәлімет бар; мүмкін At3+ қосылыстары да баршығар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет