Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң “Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұхсат па” дегенді үйрен. Сәлемдесуді
білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі. Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді – депті қарт.
жүргізуші: Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен
таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.