Каникулдық мектеп
«
Математика» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»
Жиынтық бағалау құралдары ойлау дағдыларының әр түрлі деңгейін, соның ішінде
талдау, жинақтау, бағалауды қамтитын жоғары ойлау дағдыларын тексеретін деңгейлі
тапсырмалардан тұруы қажет.
Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің
белгіленген оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу процесін жоспарлау,
рефлексия жасау және, өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Егер қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы
іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделсе, ал бөлім бойынша
жиынтық бағалау процесі білім алушының белгілі бір бөлімді аяқтауы бойынша
жинақтаған білімі мен дағдыларының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқушылардың тоқсан көлемінде белгіленген оқу
мақсаттарын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.
Бағалау барысында бағалау қағидаттарын сақтау маңызды. Критериалды бағалау
жүйесі бірқатар қағидаттарға негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: