Бағдарламаның мақсаты: тарихы сонау, ежелден басталатын кең-байтақ Отанымыздың шежірелі өңірі аталатын құт мекен – Оңтүстік өлкесінің ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі қилы-қилы тарихын оқып – білуге ерекше көңіл бөлген оқушылардың талап – тілегін орындай отырып, Отан тарихынан, өлке тарихынан қызғылықты, тың және терең білім алуларына барынша мүмкіншілік жасау. Өйткені, әрбір жас жеткіншек өзінің туған жерінің, ауылының, ауданының, өңірінің тарихын терең білмей, кең-байтақ еліміздің тарихын терең білу мүмкін емес.
«Өлкетану» курсы оқушыларымызға өлкеміздің тарихы жөнінде жүйелі білім қалыптастыратын болады.
Егер мектеп бітіруші 7 сынып оқушыларының дайындық дәрежесінің едәуір жоғарылығын ескеретін болсақ, оқушылар енді мұғалімнің берген шығармашылық тапсырмаларын кітапханларда катологтармен жұмыс істеп, өлке тарихына байланысты түрлі қажетті әдебиеттер мен мерзімді бапасөз материалдарын пайдалана отырып хабарлар, рефераттар, бағдарламалар жасап одан әрі шығармашылық ізденістер мен жұмыстар жасауға дағдыланады.
Сабақта оқушыларға өлке тарихы туралы материалдарға, түсініктерге, оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға берілетін болады. Сонымен бірге, белгілі бір оқиғаларға деген пікірін білдіру, оқиғалардың, фактілердің ұқсастық және айырмашылықтарын табу, өз бетінше ізденіп шығармашылықпен айналысу сияқты тапсырмаларға көбірек орын беріледі.
Бағдарламаның міндеті: өлке тарихын үйрету арқылы, оқушыларды өзінің өмір сүріп отырған ортасының тарихын терең білуге, оларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, өлке тарихына қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Өлке тарихын үйрету арқылы Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін тереңдету және кеңейту, отансүйгіштік сезімін қалыптастырушы ретінде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |