р/р
|
СӨЖ түрі
|
Есеп нысаны
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәріске дайындалу
|
|
Сабаққа қатысу
|
40
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй жұмысты істеу
|
Оқұ дәптері
|
Сабаққа қатысу, ауызша сұрақтау
|
20
|
3
|
Бақылау шараларына дайындалу
|
|
АБ1, АБ2, тест сұрақтарына жауап беру, есептерді өздік шешу
|
30
|
Барлығы:
|
90
|
10.3.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1 тақырып. Басқару есебі туралы негізгі түсінік
Шешім қабылдауға басқару есебінің рөлі. Басқару үрдісі (менеджмент). Басқару үрдісіндегі талдаушы - бухгалтердің рөлі. Кәсіби этика. Жауапкершілік орталығы (шығындар орталығы, пайда орталығы және инвестиция орталығы). Өндірістік есеп және оның басқарудағы рөлі. Басқару есебі мен өндірістік есеп арасындағы байланыс.
2 тақырып. Шығындардың жіктелуі
Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: шығындардың сипаты, тұрақты және айнымалы шығындар, шартты - айнымалы және шартты - тұрақты шығындар, жинақталған шығындар және жоғары мен төмен мәндер әдісі, инженерлік әдіс және регрессиялық талдау; релевантты және релевантты емес шығындар, қайтарылмайтын шығындар, баламалы (жорамалдығы) шығындар, инкрементті (өспелі) және маржиналды шығындар.
Жоспарлау және бақылау үшін шығындардың жіктелуі: іс жүзіндегі шығындармен салыстырғандағы нормативтік (стандартты) шығындар, бақыланатын және бақыланбайтын шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: |