Бағдарлама құрылымы



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі30,08 Kb.
#79929
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
факультет казак хандары

Мақсаты:
Оқушыларға қазақ хандығының негізін қалаған хандардан бастап қазақ өлкесінде хандық билік жойылғанға дейінгі аралықта билеген хандар туралы білім беру.
- халқымыздың орта ғасырда өмір сүрген тұлғаларының өмір жолымен таныстыру;
- бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресін бейнелеу арқылы, жас жеткіншіктерді, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
- тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орнын көрсету;
- тұлғаларымыз жайлы әдебиеттер және жаңа деректермен таныстыру;
- сондай-ақ қазіргі танда сұраныстан кенжелеп қалып бара жатқан ақпарат, көркем әдебиет көздерін ашуда оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
- оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақты талдай білуге, өз ой пікірін ашық айтуға үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту;
- жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;
- еліне қызмет етуге дайын, Отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;
- Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзіндік өшпес із қалдырған асыл тұлғалармен таныстыру, олардың жарқын істерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Міндеттері:
- оқушыларға Қазақ хандығының хандары туралы мағлұматтар беру;
- оқушылардың хандардың ел басқару кезіндегі тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап қорытуы, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мҽнін анықтай білуі, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқыл өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру;
- оқушыларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, елін, жерін, халқының қамын ойлаған ұлы тұлғаларды құрметтеуге баулу;
- алған білімдерін ҿмірде пайдалана білуге үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет